Жаңалықтар

САУРАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының облыс тұрғындарымен кездесу жиыны бүгін Сауран ауданында өтті, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі. Аудан жұртшылығымен өткен жүздесуде өңір басшысы облысымызда әрбір азаматтың өмір сапасын жақсарту, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, лайықты білім мен медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін орта құру сынды мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады, алдағы жоспарлармен бөлісті және ауданды дамыту мүмкіндіктерін саралады.

Өңір басшысының аудан тұрғындарымен кездесу жиыны мен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдауына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының уақытша міндетін атқарушы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева қатысып, жергілікті әлеумет тарапынан көтерілген мәселелерді тыңдады. Халық пен атқарушы билік арасындағы кері байланыс арнасы сипатында өрілген кездесуден аманаттық өкілдер жергілікті сайлаушылардың сұраныстарын зерделеп, оларды партиялық тетіктер арқылы шешім табуының мүмкіндіктерін айқындады.

Партиямыздың Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында Сауран ауданы бойынша түрлі әлеуметтік-экономикалық бағыттарды қамтитын маңызды индикаторлық көрсеткіштер белгіленген. Партия өкілдері облыс тұрғындарымен етене байланыса отырып және аудан әкімдіктерінің даму мүмкіндіктерін бағалау негізінде түзілген жоспардың орындалуын үйлестіреді. Жол картасы шеңберінде сайлаушылардың талаптарын бұлжытпай іске асыру – партиямыздың негізгі басымдығы болып белгіленген.

Қатысты жаңалықтар

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНДА САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

САЙРАМДАҒЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА САЛЫНАТЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕННІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

azatmedia