Жаңалықтар

ШАРДАРА: ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АУДАНДА БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиев Шардара ауданына іссапармен келді.Аудан әкімі Арман Қарсыбаев депутатты ең алдымен Шардара қаласындағы 100 пәтерлі тұрғын үй кешенімен таныстырып, ондағы тұрып жатқан тұрғындармен тілдесіп, тұрмыс-жағдайын сұрасты..Сондай-ақ, индустриялды аймақтағы «Казкрахмал» жүгері өңдеу зауытының құрылысымен танысып, ондағы мамандармен жұмыс жоспарларын талқылады. Бұдан бөлек, «Хамит»АӨК балық зауытының балық өсіру бассейіндеріне барып, ауданның балық шаруашылығы бағытындағы жұмыстарын саралады.Халық қалаулысы мұнан кейін Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің тұрғындарымен еркін форматта кездесу өткізіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады.Мұнан кейін, «Amanat» партиясы филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізіп, қабылдауда болғандар тарапынан бірнеше мәселелер мен ұсыныстар айтылып, жауап берілді.Сондай-ақ, ҚР Парламентіндегі халықтың игілігі үшін жасалып жатқан бірқатар заңнамалық өзгерістер мен жобаларды түсіндіріп, ауданға қатысты жұмыстардың барысын атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

ПАРТИЯ – ДЕПУТАТ ІСІМЕН БЕДЕЛДІ

azatmedia

Қоғамдық қабылдауда бірқатар мәселелер көтерілді

azatmedia

ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІ ҚАРАЛДЫ

azatmedia