Жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА АРДАГЕРЛЕР ЖАС МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Түлкібас ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің ғимаратында Түлкібас ауданының Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасымбеков Сәтпай Нұрлыбайұлы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі,Түлкібас ауданының Құрметті азаматы,Түлкібас аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Анашев Қалаубек Анашұлы жас мамандармен кездесіп, мемлекеттің болашағы және ұлттық құндылығымыз тақырыбында әңгіме өрбітіп, пікір алмасты, Түлкібас ауданының төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жас қызметкерлеріне Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекетіміздің даму жетістіктерін Елордамыздың мерекесіне орай мемлекетіміздің құрылуы мен дамуы аралығында қаншама қиындықтардан өтіп, экономиканы көтеру жолындағы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.«Тәуелсіздік оңай келген жоқ. Бұл қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан ата бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы, қиыншылықтар, төгілген қан мен тер, өлшеусіз еңбектің арқасында жеткен жетістігіміз»-деді, ел ағалары.Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды оған куә біздер және болашақ жас мамандар сіздер, деп сөздерін қортындылады.Түлкібас ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Б.Азимбаев ауданымыздың қоғам қайраткерлеріне жас ұрпақты тәрбиелеуде патриотық сезімдерін қалыптастыру мақсатында арнайы келіп кездесу өткізгендері үшін бөлім атынан алғысын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ЕЛІМІЗБЕН БІРГЕ ЖАСТАР ДА ЖАҢҒЫРУЫ КЕРЕК

azatmedia

«Әке- асқар тау», «Ана- өмірдің бастауы»

azatmedia

Жергілікті басқару жүйесінде елеулі өзгерістер көп

azatmedia