Жаңалықтар

САУРАНДЫҚ ДЕПУТАТТАР ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫН АРАЛАДЫ

«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының жұмыс жоспар кестесіне сай аудандық мәслихат депутаты Елеуов Ерсұлтан Рұстемұлының көшпелі қоғамдық қабылдауы Шаға ауылындағы шаруа қожалықтарында жалғасты. Көшпелі қоғамдық қабылдауға «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков және ауылдағы бір топ шаруалар қатысты.

Жалпы Шаға ауылдық округі бойынша 97 шаруа қожалығы бар. Шаруалар қазіргі таңда 4729 га жерге түрлі дақылдар егіліп жатыр. Оның ішінде атап айтар болсақ күздік бидай, жаздық бидай, дәнді жүгері, сүрлемелік жүгері және мақта.

Майлы дақылдар; күнбағыс, мақсарыБақша; қауын, қарбыз,картоп, асқабақ және әртүрлі көкеністер.Бүгінгі кездесуге қатысқан шаруалар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.Атап айтар болсақ шаруа қожалықтар мемлекет тарапынан жеңілдетілген тыңайтқыштарға жылда қол жеткізе алмай отырғандықтарын жеткізді. Тыңайтқышпен қамтылу үшін қандай құжаттарды қайда тапсыру керектігінен бейхабар.Сонымен бірге көктемгі және күзгі жеңілдетілген жанар жағармайларды да ала алмай отырғандықтарын жеткізді. Оның себебі жеңілдетілген жанар-жағармайды шаруаларға жеткізіп беретін компания Шымкент қаласында орналасқан. Ол жанармайды шаруалар Шымкенттен өздері алып кетуі тиіс екен. Бар жоғы жеңілдік бағасы нарықтағы құнынан 25 теңгедей ғана арзан. Ал оны Шымкенттен тасымалдау құнын қосса шаруаларға мүлдем тиімсіз баға шығып отыр.Бұл мәселені шешу үшін шаруалар өздеріне тиесілі жанармайды талон арқылы, ең кемі жарамдылығы 3-4 ай мерзімге берілсе деген ұсыныстарын айтты.

Шаруалармен кездескен халық қалаулысы әрбір көтерген ұсыныстарды бақылауға алып, жауапты мекемелермен бірлесіп, жұмыс атқаратындығын жеткізді. 

Қатысты жаңалықтар

АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ – ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ГАЗ КІРГІЗІЛІП, КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛЕДІ

azatmedia

ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ

azatmedia