Қоғам

АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ОТЫРАР АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің Отырар ауданындағы қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесуі өтті.Жиынға Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы Әшім Елеусізов, құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің аудандағы белсенді мүшелері, кәсіби медиаторлар, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.Алқалы басқосуда сөз алған Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов бүгінгі таңда Ассамблея еліміздің саяси өміріне әр түрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы ел азаматтарын тарту арқылы өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешімін табуға зор үлес қосып келе жатқанын атап етті.Күн тәртібіне сәйкес, жиында бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған, этносаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі кез келген арандатушылықтың жолын кесу бойынша Отырар ауданы прокурорының орынбасары Нұрлан Мұстафаев, Әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын ала жою бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің өкілі Бекжан Исабай, Медиация тәсілінің сотқа дейінгі және соттағы тиімділігі мен артықшылығы жөнінде Түркістан облысы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова баяндама жасады.Кездесу барысында қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Елімізде дау-жанжалды шешудің жаңа әдісі медиацияның енгізілгені белгілі. Бірнеше бағыттағы арыз-шағымдарды қарастыратын медиация әдісі бүгінде халық арасында кең көлемде насихатталып, ауқымы күн санап кеңейіп келеді. Қос тараптың шағымын бейтарап тарапта қарастырып, сотқа дейін шешуді мақсат тұтатын медиаторлардың да біліктілігі бүгінде басты назарда.

Егемендік пен елдік мұрат­тарынан нәр алған, өркениет пен нұрлы болашаққа сара жол салған арайлы Ата Заңымыздың әлқиссасында паш етілгеніндей «…ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра оты­рып», «…еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген азаматтық қоғам» құру жолында барша заңдылық жосықтарын халық игілігіне жаратудың жолын тапты. Қоғамымыз дамыған сайын неғұрлым ізгіленген заң­дар халықаралық қауымдастық қуат­таған құқықтық жөн-жорал­ғылармен де, ұлтымыздың ежелгі елдік дәстүрлерімен қисын­ды жарасым тапты.

Атам қазақ «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген. Осыдан асқан кемең­герлік бар ма?! Біле білгенге кешірім, түсіністік пен келісім, парасат – заңнан да ізгі. Ал «Заң тыйым сала алмаған нәрсеге, кейде ұят тыйым салады» деген екен Рим философы Л.Сенека. Тана Малайсары би жас Сырым биге: «Шырағым, үш сөз бар, соны ұмытпай жүрсең, халқың соңыңнан қалмас. Ұмытсаң, артыңнан ермес. Ол үш сөз: ұят, борыш, обал!» деген екен. Байқап көргенге Ұлы Дала даналығы құқық­тың қай­нары болып саналатын рим фило­софиясымен де толық үндеседі. Ал ғалым-заңгер, академик Салық Зиманов: «Бір кездері ежелгі қазақ даласындағы заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры» қайтадан біздің тарихымыздың құрамдас бөлігіне – алтын беті­не және болашақта жалпы өрке­ниеттің мұрасына айналар деген үмітім бар… Уақыт өте келе қазақ құқығы әлемдік өркениеттің құқық­тық жүйелерінің ішінен лайық­ты орын алатындығына сеніммен қараймын» – деген екен.

Әрине, билер дауды шешкенде әуелі елдің заңдарын, қала берді құдіреті ел ішінде заңға теңесетін әдет-ғұрып, салт дәстүрлерді, әділдік қисындарын басшылыққа алған. Әділ шешімді қиыннан қиыс­тырып, жалпақ жұртты ке­мең­­герлігіне жүгіндірген. Би құзы­ретіне берілетін істің қаралуы екі сатыға бөлінген. Әуе­лі екі жақ істі билер қарағанға дейін, яғни өзара келісім жасап дау­ды шешуге қимыл-әрекет жасай­ды. Әдеттік құқықта оны «Бітім», «Береке», «Салауат» деп атаған. «Бітім» – екі жақтың өзара келі­сімге келіп, сөз жүзінде дау­дың аяқталуы. Бітімнен кейін істі билердің қарауына берудің қажеті жоқ. Себебі, бітімді, өзара ке­лісімді бұзу – сөзде, серт­те тұр­маудың белгісі, ар-ождан­ды таразылайтын әрекет. Би алдын­дағы бітімге ешкім қия­нат жасай алмаған. «Береке» – айырбас немесе сатып алу туралы сөз жүзінде шарт жасау. Қазақ­тың әдеттік құқығында «Береке» институты барлық келі­сім, шарттардың негізі болған. Салауат – немесе кешірім, даулас­қан екі жақтың бір-біріне талап қоюдан бас тартуы, яғни кешірім беруі. Кешірім жасау ауыл, ел, ру ақсақалдарының қатынасуымен өтетін болған. Өркениет дүниесінде бітімгер­шілік рәсімі медиация ұғымымен мәлім.

Бүгінде азаматтар Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіпті пайдалана отырып тату­ласу келісімін, дауды медиация немесе партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасай алады. Татуласу келісімі бірінші, апелляция­лық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі уақытта, сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ, сот актісінің орындалуы кезінде де жасала береді. Татуласудың тағы бір артық­шылығы мұнда сот шешімі орын­далмай орта жолда қалмайды. Келісімді өзара мақұлдағандықтан тараптар ондағы шарттарды дер кезінде, белгіленген уақыт­та орын­дауға мүдделі. Келісім жасал­ғанда екінші тарап өзіне мін­деттеме алған соң оны орын­дауға барынша күш салады. Ал орын­далмаған жағдайда да, талап­кердің өтініш хаты бойынша сот бекітіп берген атқару парағы мәжбүрлеп орындатуға жатады.

Тағы бір ескерерлігі, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, осы келісімді бекіту туралы ұйғарым «Медиа­ция туралы» Заңда және Аза­маттық процестік кодексте көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Егер татуласу келісімі заңға қайшы болса немесе басқа да тұлға­лар­дың құқықтары мен заңды мүд­делерін бұзса, сот келісімді бекіт­пейді. Сот ұйға­ры­мы шағым, не наразылық кел­тіруге жатпайды. Азаматтық іс жүргізу кодексін­дегі айтулы жаңалықтардың бірі – дауды партисипативтік келі­­сім арқылы реттеу болып отыр. Партисипативтік рәсім – дау­ласушы екі тарап адво­кат­тарының келіссөздерді судья­ның қатысуынсыз жүргізу арқылы ортақ келісімге келтіруге қол жеткізуі. Келісімге келе алмаған екі жақты бір үстел басына жи­нап, бітімге келтіру мәсе­лесін­­де судьяларға қарағанда адво­­ка­ттардың мүмкіндігі кең. Құжат­тағы татуласу келісіміне қойы­­латын талаптарға сай, қос тарап арасындағы келісім жаз­баша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың адвокаттары қол қояды. Мұндай жолмен татуласу талап қоюшы­ны төленген мемлекеттік баж­дан босататыны да – заңдағы ынталандыру тетіктерінің бірі.

Қатысты жаңалықтар

Азаматтық қоғам институттарының дамуы

azatmedia

 Мұқтажы қайсы, масылы қайсы?!

azatmedia

Ерекше білімді қажет ететін балаларға жеке дамыта оқытудың әдіснамалық негіздері

azatmedia