Қоғам

«ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ АСЫЛ БАҚЫТ ЕЛ ҮШІН» АТТЫ ЖИЫН ЖАҢА ИҚАНДА ӨТТІ

Бүгін Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» тақырыбында жиын болып өтті. Шараға Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейлхан Ыбыханұлы, аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Ермекбайұлы, Сауран аудандық өзбек-этно мәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Жолданбайұлы қатысты. Жиынның негізгі мақсаты Сауран ауданында өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдері арасындағы татулықты нығайту, этносаралық кикілжіңдердің алдын-алу, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету болып табылады.

Баяндамашылар қоғамды демократияландыруды тереңдету, оны топтастыру, азаматтық татулықты, тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету негізінде еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі мен егемендігін, қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бағытында баяндама жасады. Жиын соңында тыңдаушылар тарапынан көптеген ұсыныс-пікірлер айтылды. Көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, жұмыс жалғасатын болады.

Біздің елімізде  ұлтына және сеніміне қарамастан,әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр,мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға  жақсы жағдай жасалған.

Біз бірге болуымыз керек, бірлік болмай тірлік болмас деген нақыл сөз ата бабамыздан келе жатқан асыл сөз. Соны біздер қазақ халқының   республикасында тұратын  барлық ұлттардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қамтамасыз  етуге  рухани құндылықтарын  дамытуға  бағытталуып жатқанын атап өтпесек болмас.

Қазақстан халықтарының Ассамблиясы     құрылғалы  бері еліміздің  патриоттық күшін біріктірген жаңа  қоғамдық  институттың  дамуына  бағытталуы    Қазақстан  халқының форумында   Елбасымыз  еліміздегі  бірлік пен келісімнің  киелі орны  осы Ассамблеяны құру туралы  бастама көтерілді. Ол жас   тәуелсіз  мемлекетіміздің  жаңадан тәй-тәй басып,  экономикалық, әлеуметтік  және саяси  негізі  қаланып, демократиялық  қоғам құруға бет құрған кезеңі еді.

Қазақстанның  ұлттық саясаты  барлық этностардың  экономикалық және кешенді  дамуын,этносаралық келісімді,э тностар арасындағы  достық пен  бірлікті, өзара  көмекті  ескере отырып дамуда.Сол  себептен елімізде бірлік пен келісімнің  Ассамблеясы құралды.  Қазақстан Халқы Ассамблеясы өзінің  атқарған  істері  арқылы  қоғамдық  қатынасты  қалыптастырудың  экономикалық  дамуының  жаңаша Қазақстандығы үлгісі –  осы мерзімге дейін ұлттық бірлік- бейбітшілік пен келісімде  екенін  дәлелдеп келеді десек артық емес .  Қазақстандық  саяси  жаңашылдықтың  нәтижесін  этностар  арасындағы достықты , татулық пен сыйластықты  бекітудің  құрамына айналды.

«Қазақстан — біздің қасиетті мекеніміз. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударып, осынау қасиетті мекенде өмір сүріп, өркен жайды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайлылықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар біртұтас елміз.

Қазақ жерінде өмір сүріп жатқан барлық ұлттар мен ұлыстар үшін бірліктің маңызы зор. Ұлт пен ұлыстың татулығы мен бірлігі арқасында, мемлекетіміз өркендеп, әлемге танылды. «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп Тұңғыш Президентіміз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Бұл күн бірлік, татулық күні, әрқайсысымыз үшін ерекше қымбат мейрам.

Елдігіміз бен егемендігіміздің діңгегі, татулығымыз бен достығымыздың ұйытқысы, Бірлік пен ынтымақтың алмайтын қамалы, шықпайтын шыңы, аспайтын асуы жоқ. Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте. Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір. Көпұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

Ассамблея – еліміздегі бірлік пен ке­лісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұ­рақтылықтың құтты шаңырағы. Біздің басты байлығымыз – ха­лық­тар мен діндер арасындағы татулық пен келісім. Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Біз тыныштық арқылы – тұ­рақ­тылыққа, татулық арқылы – тұ­та­с­тыққа қол жеткіздік. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Мемлекет басшысының қоғам­дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Қазақстан халқы ассамблеясы татулыққа ұйытқы бола білді.

 

Қатысты жаңалықтар

Ыстық жаз өртттерімен қауіпті

azatmedia

Шөпті жинау науқанында өрттерге жол бермеу 

azatmedia

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛҒАН СӨЗДЕР ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ»

azatmedia