Ақпарат

ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Түркістан облысы – еліміздегі халқы тығыз орналасқан және республикамыздың ең ыстық аймақтарының бірі. Жыл басынан бері шомылу маусымының ашылмағанына қарамастан, облыс аумағында 9 адамның суға кету дерегі тіркелді. Оның жетеуі жасөспірімдер болса, екеуі ересектер. Бұл жайында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Дүйсен брифингте мәлімдеді.

«Жалпы өңірде 4 334 су айдыны бар. Олардың қатарында 42 суқойма, 149 өзен, 25 көл, 2 870 канал және 1 248 қашыртқы бар. Облыстық мәслихаттың шешімімен өңірде 111 шомылуға қауіпті аймақ бекітілген. Қазіргі таңда ол мекендерге ескертпелер қойылған»- деді Оразгелді Нұрмаханұлы. Департамент тарапынан бүгінгі таңда барлық мектептерде «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында ашық сабақтар өткізіліп, арнайы қауіпсіздік бұрыштары орнатылған. Сонымен қатар, ата-аналар жиналыстарында судағы қауіпсіздік бойынша арнайы нұсқамаларды таныстыру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, барлық ұйымдардың әлеуметтік желілеріне және ата-аналар комитетінің, оқушылардың WhatsApp топтарына ақпараттық сипаттағы жадынамалар, бейнероликтер, кеңінен таратылып жатыр.

Қатысты жаңалықтар

53 жастағы ер адам өз үйінде өртеніп кетті

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 300 АДАМҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

azatmedia

АЭС: мамандар елімізде даярланады

azatmedia