Ақпарат

ТҮРКІСТАННАН БҚО-ҒА БАРҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН АТҚАРУДА

Су басқан аймақтарға жан-жақты қолдау көрсету бойынша Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Түркістан облысының Дарбаза, Түркістан, Манкент, Арыс станцияларында вагондарға арнайы техникалар мен жүк көліктері 11 сәуір күні тиеліп, батыс өңірлерге жөнелтілген болатын.

Қазіргі уақытта 100-ден астам техника Оралдағы су басу қауіпі бар аймақтарда тасқынға қарсы күрес жұмыстарына, су басқан аумақтарды тазалауға және бөгеттер салуға қолданылуда. Жайық өзенінің жағалауындағы елді мекендерде бөгет салу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал ауыр жүк көліктері гуманитарлық көмектерді тасу жұмыстарына пайдаланылуда. Сонымен қатар облыстағы 130 азамат Оралда қызмет атқаруға барды. Олардың ішінде, жүргізушілер, бригадирлер мен басқарма қызметкерлері бар. Арнайы көлік жүргізушілері күндіз-түні әрі тоқтаусыз 2 ауысымда жұмыс істеуде.

Оралдық тұрғындар қарғын судың алдын алуға көмек көрсетіп жатқан Түркістан облысынан мыңдаған шақырымды артта тастап, көмекке келген азаматтарға, көмекті үйлестірген Түркістан облысы әкімдігіне, еріктілерге алғысын білдірді.

Күшіміз бірлікте! Түркістан облысының жастары су басқан аймақтарда қапшықтарды толтырып бөгет жасау жұмыстарын жасауда.

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылы округіне қарасты Қызылсеңгір елді-мекені, Созақ ауданы Таукент ауылының тұрғындары мен Түркістан облысының прокуратурасы Батыс Қазақстан облысындағы табиғи су апаты аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созды. Сонымен қатар 500-ден астам ерікті жастар мен түрлі сала қызметкерлеріне Түркістан облысының атынан ыстық тамақтар берілді.

Орал тұрғындары қиын-қыстау кезеңде көмек көрсетіп, қолғабыс жасап өңірмен бірге екендіктерін білдірген Түркістан облысының халқына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Белсенділер алғашқы күннен бастап, гуманитарлық көмек пункттеріне облыстан жіберілген көмектерді орналастырып, қапшықтарды толтырып бөгеттер тұрғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Кедергісіз орта құру – уақыт талабы

azatmedia

1,8 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге алды

azatmedia

Таңғаларлық оқиға: Екі айлық нәресте ата-анасына амандасты (видео)

azatmedia