Қоғам

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар, ұлттық тіл, ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық діл, бабалар ерлігі мәнін ашатын тәрбие сағаттарының үлгісі, өнеге сағаттарында пайдалануға болатын қызықты деректер жан-жақты зерделенген. Нұсқаулықтағы оқушылармен өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар кезінде пайдалануға арналған тапсырмалар, кейстер, бірлесе талдауға арналған ғибратты әңгімелер баланың терең ойлануына, соның негізінде адал еңбектенуге талпынуына және рухани құндылықтарды меңгеруіне бағытталған.

Ұлт тарихы – ұрпақ мақтанышы. Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіруге қажетті тарихи танымал тұлғалардың өмірлік өнегелері мен тәрбиелік мәні зор ғибратты әңгімелер жинақталған. Нұсқаулықта ұлттық намыс пен ұлттық рухты қалыптастыруға арналған әңгімелер, әлемдік танымал түркі текті тарихи тұлғалар мен Шығыс ғұламалары, атақты би-шешендер өмірлерінен өнегелік әңгімелер, батыр бабаларымыздың өмірінен алынған үлгі-өнегелік әңгімелер, қазақ даласында ұлттық идеяны негіздеген Алаш зиялылары, Ұлы Отан соғысының қаһармандары туралы және, жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталған ғибратты әңгімелер жүйеленген.

Ұлттың ұлы тұлғаларының даналық сөздері. Қазақ халқынан шыққан дара тұлғалардың даналық сөздері жүйеленіп берілген. Онда мазмұны ұлтжандылыққа тәрбиелейтін афоризмдер, ана тілін құрметтеуге тәрбиелейтін нақыл сөздер, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын даналық сөздер, ұлттық рухты күшейтетін ұлы адамдардың өсиет сөздері, ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға арналған дәйек сөздердің маңызы терең түсіндірілген және оларды ұстаздар мен ата-аналардың бала тәрбиесінде, күнделікті тәжірибеде қолдануының тиімді жолдары ұсынылған.

Өз өмірің өз қолыңда. Қазіргі кезеңдегі жасөспірімдер арасындағы өзекті мәсе­лелердің бірі – суицид және оның алдын алу жөнінде оқушының қойын кітапша­сы ретінде жазылған. Түрлі дерек көздері, танымдық негіздегі ақпараттар ұсынылып, баланың өзін анықтауына, өмірді бағалауы мен оған бағытталуына қатысты кеңестер берілген. Балалар түсінігіне сай жатық, әрі қарапайым жазылған. Олар кітапшадан өз сауалдарына қатысты жауаптар тауып, оны қалай шешу және реттеу жолдарына қатысты кеңестер алады.

Нұсқаулықта баға жетпес құндылық, уақыт – өмір өлшемі, уақыт біздің өміріміз, өмірлік миссия, өмірлік мақсат, өзін-өзі анықтауға арналған кеңестер, сабыр түбі – сары алтын,  сіз жалғыз емессіз, сенім телефондары, мектептегі буллинг, буллингтен қалай қорғану керек деген тақырыптар ашылып жазылған. Салауатты өмір салты. Нұсқаулықта қазіргі кезде  өте  өзекті болып отырған денсаулық және салауатты өмір салты, денсаулықты күту және тамақтану, дұрыс тамақтану мәдениеті, денсаулық үшін маңызды қажеттіліктер, жасөспірім шақтағы жыныстық жетілу, денсаулық үшін шынығу, жаман әдеттер мен тәуелділік факторлары, зиянды тағамдарға құмарлықтан арылу, темекінің зияны және оны алдын алу жолдары, алкоголь мен есірткіге тәуелділікті болдырмау, лудоманияның негізгі белгілері және одан құтқару секілді тақырыптар қамтылған.

Жастарды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мәселелері теориялық және әдістемелік тұрғыда қарастырылған. Сынып сағаттарында және күнделікті сабақ мазмұнының тәрбиелік мақсатын толық жүзеге асыруы үшін, ұстаздарға ақпараттық және практикалық тұрғыда көмек ретінде мәліметтер қоры жинақталып ұсынылған. Оқушылардың интернетке тәуелділігінің алдын алу. Нұсқаулықта саналы ұрпақтың АКТ сауаттылығын жетілдіру интернетке тәуелділік, уақытты тиімді басқару, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, цифрлы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жан-жақты қарастырылған.    

Интернетке тәуелділік, интернетке тәуелді болудың белгілері, интернетке тәуелді болу себептері,  интернетке тәуелді болудан арылу, Интернетке тәуелділікті болдырмау жолдары, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, Интернетте кездесетін қауіптер, интернеттің кері әсерлері, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолы, цифрлық мәдениетті қалыптастыру, цифрлық мәдениетті қалыптастырудағы құндылықтың рөлі, Time-менеджмент: интернеттегі уақытты тиімді қолдану тақырыптары  қамтылған.

Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Саналы ұрпақ тәрбиесіндегі АКТ сауаттылығын қалыптастыруда Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді жолдары қарастырылған. Балалардың интернетті тиімді пайдалануына бағыт-бағдар бере отырып, одан келетін қауіптің алдын алу жолдары көрсетілген. Қауіптің алдын алуда ата-анаға бала бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білу жолдарынан кеңестар ұсынылады.

Баланың бос уақытын қадағалау, баланың демалыс уақытын ұйымдастыру, ақылы, қауіпті сайттар, виртуалды әлемдегі бала қауіпсіздігі тақырыптары қарастырылған. Нұсқаулықпен таныса отырып, ата-аналар отбасында болып жатқан өзекті мәселелердің бірі – баланың интернетке тәуелділігінің алдын алудағы мүмкіндіктермен танысып, тәрбие барысындағы өз әрекетіне керібайланыс ала алады.

Оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру негіздері. Саналы ұрпақ тәрбиесіндегі адал кәсіпкерлік еңбек құндылықтары. Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарын іске асыру жолдары қарастырылған. Оқушылардың қабілеттері мен бейімділігі, жаңа мамандықтар жол картасы, қаржылық сауаттылық тақырыптары бойынша жүйелі ақпараттар ұсынылған. Оқушылардың қабілеттері мен бейімділігі, адал табыс, адал еңбек, менің мамандығым – менің болашағым, оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру негіздері, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысының кешенді бағдарламасының бағыттары, кәсіби бағдар жұмысын іске асыруға бағытталған іс-шаралар кешені, жаңа мамандықтар жол картасы, шетелдерде оқушылардың кәсіптік бейімделуін және өзіндік анықталуын ұйымдастыру тәжірибесі,  қаржылық сауаттылық,  кәсіпкерлік  әліппесі тақырыптары қарастырылған.

Мамандық таңдау – маңызды шешім. Қоғам талабына сай баланың даралық ерекшеліктерін дамыту, баланың өзін-өзі тануы табысқа жетелейді, баланың таңдауымен санасу, кәсіби бағдар беруде бала бойына сенім қалыптастыру, жүрек қалауы бойынша мамандық таңдауға шешім қабылдау, мамандықты шығармашылықпен игеру тақырыптары қарастырылған. Сонымен қатар баланың мамандық таңдауына  қатысты  ата-аналардың міндеттері айтылған. Баланың өзін-өзі тануына жол сілтеу, кәсіби құзыреттіліктер мен қажетті біліктіліктерді бала бойына сіңіру жолдары туралы кеңестер берілген. Осы орайда оқушыларға жастайынан өздерінің өмірлік мұраттарын ертерек анықтап, сүйікті кәсіп түрін дұрыс таңдау жолдарын анықтауға көмектесу мұғалімдер мен ата-аналардың аса маңызды міндеттері екеніне баса назар аударылады. 

Мағжан Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде: «Әрбір тәрбиеші баланы ұлт дәстүрімен тәрбиелеуге міндетті», – деген болса, Қасым-Жомарт Тоқаев: «Білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі», –  деген болатын. Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру, ертеңгі сапалы өмір кепілі болмақ.  Басты мақсат – ертеңгі  ұрпақ тәрбиесіндегі бүгінгі мүмкіндіктерді жіберіп алмау, кемелденген келешекті тәрбиелеуде кешігіп қалмау!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп белгілеп, жас ұрпақтың бар жағдайына халық болып көңіл бөліп, олардың заман талабына сай сапалы білім алып, бәсекеге қабылетті ұрпақ болып өсуіне ат салысу қажет екенін айтты. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіне қоғам болып ат салысқанымыз абзал!

А.ҚҰСАЙЫНОВ,
академик, Педагогокалық Ғылымдар
Академиясының президенті
А.БЕРИКХАНОВА,
п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры

Қатысты жаңалықтар

Төтенше жағдай аймағында зардап шеккендермен қарым-қатынас

azatmedia

МҰҚТАЖҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ – ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ПАРЫЗЫ

azatmedia

Қызды айуандықпен өлтірген

azatmedia