Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Келес ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құс шаруашылығын дамыту жұмыстары қолға алынбақ. Бүгінде аталған жоба аясында бірқатар түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жиынға Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімінің жетекші маманы Оразбай Бағдат Қайыржанұлы мен Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіп кешен субъектілерін несиелендіру бөлімінің бас маманы Якиева Шынар Султансиковна қатысып, құс шаруашылығымен айналысуға ниетті аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. – Бүгінгі таңда еліміз бойынша «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – халықтың табысын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады. Соның ішінде құс шаруашылығын дамыту ел экономикасына едәуір серпін береді. Ауылдың экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында іске асып жатқан жобадағы орташа несие көлемі 6 млн болып, сыйақы мөлшерлемесі 2,5% құрайды, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несиелендіру бөлімінің бас маманы Шынар Султансиковна. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар алынды. Сұрақтардың басым бөлігі кепілге қойылатын жылжымайтын мүлік төңірегінде болды, алайда жауапты мамандар, қажетті сүйемелдеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ОТБАСЫ. ТҰЛҒА. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ» АТТЫ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫНА РЕСЕЙЛІК ӘРІПТЕСТЕРІ ОҢ БАҒА БЕРДІ

azatmedia