Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТПЕН КӘСІП БАСТАДЫ

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам.

Сондай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету туралы айтты.Келес ауданының тұрғыны Нұржамал Асқарқызы сүйікті ісін кәсіпке айналдырғанына бір ай болды. Аз уақытта оның тағамдарына сұраныс қалыптасты.

Ол жастайынан түрлі тәттілер пісіруге әуес болған. Келін болып түскеніне 6 жыл толған жеке кәсіпкер маусым айында мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алған. Алған қаржысына кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған қажетті саймандарын сатып алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.– Бұл бастамам өміріме үлкен өзгеріс алып келді. Өзім қызығатын хоббиымды дамытып, өркендетіп жатырмын. Пісірген өнімдерімді ауылдағы дүкендерге сатамын. Одан бөлек тапсырыс бойынша да тұрғындарға қызмет көрсетемін. Бір күнде орташа 4-5 торт жасап, самса, пирогтар пісіремін, – дейді жеке кәсіпкер.

Бүгінде Келес өңірінде кәсіппен айналысып, оны отбасылық бизнеске айналдырғандар саны жыл сайын артып келеді. Нұржамал Асқарқызы да мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, табысын еселеп отыр. Кәсіпке бейімделу – бүгінгі заман талабы. Ауыл тұрғындарының бұл бағыттағы қозғалысы көз қуантады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕРДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

azatmedia

БОЛАШАҚ ЗАҢГЕР ТҰҢҒЫШ РЕТ САЙЛАУҒА ҚАТЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН – ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚОЛАЙЛЫ ӨҢІР – АСХАТ ОРАЛОВ

azatmedia