Жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШУДІҢ ТИІМДІ ТҰСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Бұл бойынша үкімет “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасын қолға алған еді. Осы тапсырма негізінде бүгінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын насихаттаушы топ Келес ауданында болды. Ауданда 133 мыңнан аса халық тұрады. Ауданның халықты жұмыспен қамту орталығы мен “TAUЕKEL” республикалық қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен Абай ауылы әкімі аппаратында өткен іс-шараға аталған қоғамдық ұйымның төрағалары мен өкілдері, “Amanat” партиясының аудандық филиалының төрағасы А.Жұмабеков, “Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-нің директоры орынбасары С.Құралов және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.Кездесу барысында делегаттар солтүстік өңірлерге көшуге арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен түсіндіріп, мәліметтер берді. Сонымен қатар, солтүстік өңірлердің географиясы, көшіп барған жағдайда ұсынылатын жеңілдіктер туралы айтып өтті. “TAUEKEL” ұйымының төрағасы Бурахан Дақанов еліміздің солтүстік өңірлерін қазақиландыру ауқымды іс әрі ортақ міндет екенін атап өтті.-Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде 3,2 млн-ға жуық оқушының 530 мыңы Түркістан облысынан. Жабылуға шақ қалып отырған мектептерді аман алып қалу үшін адамдар көшіп баруы керек. Солтүстікті қазақиландыру – ортақ міндет. Соны бәріміз сезінуіміз қажет, – деді ол.  Сонымен қатар, Келес ауданында тозған инфрақұрылым жүйелері жаңартылып, жөндеуді қажет ететін көшелерге асфальт жабындысы төселуде. Аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан Жамбыл және Бозай ауылдық округтерінің инфрақұрылымдары жаңартылуда. Бұл мәселелерді жергілікті тұрғындар Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевпен кездесуінде сұранған болатын. Нәтижесінде Жамбыл ауылдық округінің Бекбота және Ащыкөл ауылдарын жалғайтын 9,7 шақырымдық аудандық маңызы бар автожолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.-Өткен жылы Бекбота мен Ащыкөл елді мекендерін жалғайтын аудандық маңызы бар автожолды күрделі жөндеуден өткізу бойынша тиісті жұмыстар басталған болатын. Былтыр 3 шақырым жолға асфальт төселсе, биыл қалған жол істелуде. Тұрғындар осы мәселені тездетіп шешіп, ел игілігіне тапсырса екен деп сұранған болатын. Сұраныс қанағаттандырылып, жұмыстар таяу арада аяқталады, – деді Жамбыл ауылдық округінің әкімі Талғат Байдуллаев. Айта кетейік, Келес ауданы  өз алдына жеке аудан мәртебесін алып, кенжелеп қалған инфрақұрылым жұмыстары қарқынды түрде жаңалануда. Өткен 5 жыл ішінде 14 ауылға газ берілсе, жыл соңына дейін тағы 9 ауыл толық газбен қамтылады. Ал ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайы 2018 жылы 22 пайызды құраса, биыл 60 пайыздан асуы көзделген. Сонымен қатар, Келес ауданында жастарды жұмысқа ынталандыру, жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау бағытында аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары жүйелі жұмыстарды атқаруда. Атап айтқанда 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жастар арасында ақпараттар ұсынылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Ташкенбай мәлімдеді.Жиында орталық директоры жыл басынан бері өзі жетекшілік ететін мекеменің атқарған жұмыстарын баяндады. Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі аудан әкімімен бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту бағыты бойынша «Серпін2050», «Әлем білім», «Болашақ» мемлекеттік бағдарламары жастар арасында кеңінен түсіндірілген. Сонымен қатар, Келес ауданына қарасты ауыл және ауылдық округтерде салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы жастарымыздың болашағына деген дұрыс көзқарас қалыптастыра отырып, бұқаралық спорт түрлерін насихаттау мақсатында ұлттық спорт түрлері мен іс-шаралар ұйымдастырылған. NEET санатындағы жастарды қоғамға бейімдеу мақсатында қазіргі таңға дейін 7 түрлі спорттық және мәдени іс-шара ұйымдастырылып, ақпараттандыру жұмыстары жүргізілген. Аппараттық жиын барысында аудан басшысы Жәнібек Есенұлы Жастар саясатын жүйелендіру бағытындағы жұмыстардың сылбыр жүріп жатқандығы, нәтижесі көңіл көншітпейтіндігін айтып, нақты шараларды атқаруды тапсырды. Сонымен жастар үшін тиімді бағдарламалардың бірі 2,5 пайызбен несие рәсімдеуді түсіндіру жұмыстарын сынға алды. Жоспалы жұмыстарды жүйелеуге уақыт беріп, тұрақты бақылауға қойды. Келес ауданында 2022-2025 жылдары жалпы құны 44,3 млрд.теңгені құрайтын 8 жоба іске асырып, 1 175 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Солардың бірі «Нұрболат» өндірістік кооперативі жалпы жоба құны 3,0 млрд. теңге болатын «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысын жүргізуде. Аталған медициналық орталықтар Абай ауылының екі жерінде, Біртілек, Ошақты және Ұшқын ауылдық округтерінің аумақтарында бой көтермек. Бүгінде Абай ауылы Қонаев көшесінің бойындағы «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы аяқталып, іске қосылды. Сонымен қатар аудан орталығында 5-блогтан тұратын орталық аурухананың құрылысы жүргізілуде. Жоба толық іске асқан соң 200 жаңа жұмыс орны ашылмақ.Сондай-ақ, Келес ауданында өнеркәсіпті дамыту мақсатында бірқатар жобалар қолға алынған. Солардың бірі – «Эмир-Дэмир» ЖШС-гі Біртілек ауылдық округі аумағынан жалпы құны 300,0 млн.теңгені құрайтын 30 гектар иновациялық жылыжай кешенінің құрылысын жүргізбек. Аталған жоба шеңберінде 75 адам тұрақты жұмспен қамтылуы жоспарланған. Жобаның іске асу мерзімі 2024-25 жылдарға жоспарланған. Сонымен қатар, «Умитай» шаруа қожалығы Қошқарата ауылдық округінде жалпы құны 450,0 млн.теңгені құрайтын 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы және ет өнімдерін өңдіру цехының құрылысын бастамақ. Ал «Ағайындылар» деп аталатын кәсіпкерлер Абай ауылы аумағынан жалпы құны 200,0 млн.теңгені құрайтын қонақ үй кешенін салмақ. Жобаны 2024 жылы іске қосып, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлаған. Бұдан бөлек, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді шешу мақсатында елді мекендерді аралады. Қошқарата ауылдық округінің Байтерек, Бесауыл, Мақташы, Қарабура сынды ауылдарына барған аудан басшысы абаттандыру, инфрақұрылым жұмыстарының барысын қарап шықты. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына ауылдарды газдандыру бағытындағы шараларды ширату керектігін тапсырды.— Ауылдардағы инфрақұрылым жүйелерін тездетіп аяқтау қажет. Тұрғындардыңда сұранысы сол. Тиісті мекеме басшыларымен сөйлесеміз. Сіздер өзіміз атқаратын жұмысты тиянақтаңыздар. Екінші тоқсанның соңына дейін ауылдар толық газдандврылуы тиіс, – деді Жәнібек Есенұлы.Айта кетейік, бүгінде Қошқарата ауылдық округіне қарасты 9 ауылға газ беру бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда ауылдардың басты магистралды жүйесіне газ беріліп, Аманжар ауылындағы үйлерге қосыла бастады. Сонымен қатар нысанды ҚазТрансГаз АҚ мекемесінің теңгеріміне өткізу жұмыстары атқарылуда. Қабылдаушы мекеме тарапы мердігерлерден кеткен кемшіліктерді атап көрсетіп, бүгінде кемшілікті реттеу шаралары атқарылуда. Жоспарлы жұмыстар бір апта көлемінде аяқталуы көзделуде. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан аумағындағы елді мекендерді аралап, ондағы өзекті мәселелерді шешу бағытында нақты тапсырмаларды жүктеген болатын. Берілген тапсырманы орындау, қажетті шараларды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев бастаған жұмысшы топ Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ, Ескіқорған ауылдарында болды. Ағын су мәселесі туындаған аймақтарда көзден кешіріп, жергілікті шаруалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Ескіқорған елді мекенінде орналасқан кәсіпкерлік нысандардың сыртқы қасбетін ретке келтіру бойынша қажетті шаралар атқарылуда.– Аудан әкімімен өткен аптаның ішінде ауылдарды аралап, өзекті мәселелерді шешу бағытында жоспар дайындаған болатынбыз. Сол жоспар шеңберінде Ынтымақ елді мекеніне баратын ағын су мәселесін реттке келтірудеміз. Қажетсіз құлақтарды бекітіп, тоғандарды алдырттық. Еліміздің маңызды қақпаларының бірі Б.Қонысбаев кеден бекетінің маңын абаттандыру бағытында жұмыстарды атқарудамыз, – дейді Сүлеймен Нұрланұлы.Айта кетейік, аудан басшысы дербес бөлім басшыларымен бірге елді мекендерді аралап, кезек күттірмейтін мәселелерді шешу үшін шұғыл шара атқаруды тапсырған болатын. Бүгінде аудан әкімінің орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалары бойынша жоспарды орындауды бастап кетті. Келес ауданында жаңа буынды дамыту орталығының құрылысын жүргізу үшін Абай ауылындағы Асан қайғы көшесінде орналасқан бұрынғы мақта қабылдау пунктінің ішінен 0,50 га жер телімі қарастырылып, мемлекеттік актісі алынды. Жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджет есебінен қажетті қаржы бөлініп, жобалаушы мердігер «ЮжКазПроект» ЖШС-мен облыстық құрылыс басқармасы келісім шарт жасау жұмысын жүргізуде. Сонымен қатар, аталған аймақта «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы аясында 600 орынға лайықталған жаңа мектептің құрылысы мен мұражай және спорт кешені салынады. Бұл туралы Келес аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Юсупов Сегізінші шақырылымындағы Келес аудандық мәслихатының кезекті екінші сессиясында атап өтті. Сессия барысында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Мырзалыұлы бөлімнің өткен жылы атқарған және ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстары туралы мәлімдеді. Бөлім басшысының мәліметіне сәйкес бүгінде ауданда 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. Қос құрылысқа тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болып табылады. Сонымен қатар, Жамбыл және Қошқарата елді мекендерінде мәдениет үйлерінің құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Сондай-ақ аудан бойынша «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы аясында 2024 және 2025 жылдарға 5 мектептің құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Баяндама соңынан депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, бөлім басшысы тарапынан тиісті жауаптары берілді.Айта кетейік, кезекті сессиясының күн тәртібінде 12 мәселе қаралып, атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды. Сессияға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Қатысты жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛЫП ЖАТЫР?

azatmedia