Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ҚАРҚЫНДЫ БАУ АУМАҒЫ 425 ГЕКТАРҒА ЖЕТТІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты.Тамылжыған табиғатымен, саф таза ауасымен, туристік аймақ ретінде танылған Төлеби ауданында ауыл шаруашылық саласы қарқында дамып келеді.Аймақта қарқынды бау шаруашылығын дамыту 5 гектарға ұлғайтылып, 425 гектарға жеткен. Сондай-ақ, 1 алқаптан 2-3 өнім алу бағытында 110 гектарға көкөніс егілген. Нәтижесінде, аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 3 айда 21,6 млрд теңгеге жетті.Ауыл шаруашылық – ауданның экономикалық әлеуетiн нығайтуға, ел бюджетiнiң қалыптасуына үлес қосып келе жатқан салалардың бірі. Сондықтан, аграрлы ауданның шаруалары ауылшаруашылық техникалары артып, бүгінде 1 316 техникаға жетті.Сондай-ақ, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен көлемін арттыруда шаруаларға ағын су жеткізу қолға алынған. Бұл ретте, аудандағы 74 каналдың 38-і аудан меншігінде болса, жыл басынан бері 15 канал механикалық тазалаудан өткен. Аудандағы «Олжалы» каналының негізгі 5 шлюзі бетондалған.

Қатысты жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ 40 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІ КЕЛДІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ АГРОСАЛАНЫ ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА «ЕРЕКШЕ» КОЛЛЕДЖГЕ ЖЕДЕЛСАТЫ ОРНАТЫЛЫП ЖАТЫР

azatmedia