Спорт

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА АШЫҚ ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.

Осы орайда, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістан облысының Келес ауданында ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.Біртілек ауылдық округінде орналасқан спорт алаңшасының ашылу рәсіміне ауылдық округі әкімі, аудандық мәслихаттың депутаттары мен ауыл тұрғындары қатысты.– Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес, осы жылы балалар және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарына қажетті қаржы қаралып, ауылдарды абаттандыру, спорт алаңшаларын құру жұмыстары жүргізілуде, – деді ауылдық округінің әкімі Кеңес Халық.Спорт алаңшасының ашылу салтанатында шағын футболдан жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, Келес ауданы қайта құрылғалы бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілуде. Бүгінге дейін Абай және Ұшқын ауылдарында орталық алаңдар жөндеуден өткізілсе, 5 спорт алаңы салынды. Биылғы жоспар аясында Қошқарата және Біртілек ауылдық округтерінде ашық спорт алаңшасын ел игілігіне табыстау көзделген.

Қатысты жаңалықтар

Токио Олимпиадасы: Баландин финалға шыға алмады

azatmedia

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТІК ЖАС ТЕННИСШІ ЗАҢҒАР НҰРЛАНҰЛЫ ЕЛ ҚҰРАМАСЫ САПЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК МЕРГЕНДЕР СТЕНД АТУДАН 18 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

azatmedia