Қоғам

Жаңашылдықтың бастамасы

Бұдан бір жыл бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру» деп аталатын жолдауын жарияланды.

Бұл жолдауда Мемлекет басшысы жаңа облыстарды құру бастамасын да көтерген болатын. Көп ұзамай Жарлыққа қол қойды. Аумақтық бөліністер жасалып, облыс орталықтары белгіленді. Ұлытау облысының орталығы – Жезқазған, Абай облысының орталығы – Семей қалалары болып бекітілді. Ал, Жетісу облысының орталығы – Талдықорған қаласы болған соң, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына көшірілді. Осындай батыл қадамынан-ақ Президенттің сөзден нақты іске көшкендігін аңғаруға болады. Халық Мемлекет басшысына сенім арта бастады. Ең бастысы «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидаты басшылыққа алынды. Конституцияға енгізілген өзгерістер қатарында Президенттің өкілеттік мерзімін қысқарту, адам құқықтарын сақтау туралы бастамалары болды.

Жыл ішінде жүзеге асқан ауқымды реформалар жаңашылдықтың бастамасы. Дәйекті де жүйелі жұмыс жүргізу арқылы ғана діттеген межені бағындыра аламыз. Бастысы, бір орында тұрмай, қоғам болып, ел болып өзгеруіміз керек.

  Шәріпбек ЖАМАЛБЕКОВ, қоғам белсендісі

Қатысты жаңалықтар

Жүрегіңе құлақ түр…

azatmedia

ТҮРКІСТАН: Жаңабазар ауылдық округінде ауызсу мәселесі 2021 жылы толықтай шешілмек

azatmedia

Патерналистік үлгі дегеніміз не?

azatmedia