Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ КӘСІПКЕР 20 ТҰРҒЫНДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

ҚР Президенті Жолдауында Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауға арналған тапсырма екі жылдан бері орындалмай жатқандықтан, бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек екендігін басымдылық беріп айтты. Мемлекет басшысының бұл бастамасы біз сынды кәсіпкерлердің жұмысы одан әрі дамып, жандануына ықпал етеді деген ойдамын. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайтынын тілге тиек еткен Президент  оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн санады. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізілетін болды.

Осы орайда, Түркістан облысында тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында бірқатар жобалар қолға алынып, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп келеді. Жергілікті кәсіпкерлер де өз кәсібін дөңгелетіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға атсалысуда.

Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді мекенінде шағын тігін цехы жұмыс істейді. Мұнда тапсырыспен арнайы киімдер тігіп шығарады. Жеке кәсіпкер, «Аялы алақан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерболат Байсахалов цехты 3 жыл бұрын іске қосып, қазіргі таңда тұрақты тұтынушылары да бар. Тігін шеберханасында 20-дан астам адам еңбек етуде. Барлығы – жергілікті тұрғындар.

Биыл кәсіпкердің өндіріс орнына аудандық жұмыспен қамту орталығынан 8 адам әлеуметтік жұмыс орнымен жұмысқа жолданған. Айта кетейік, 2022 жылы Ордабасы ауданында 170 азаматты әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа жолдау жоспарланып, нақты жолданған азаматтар саны 187-ні құрады. Ал биыл 200 адамды қамту көзделсе, жыл басынан бері 209 азаматқа жолдама берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІ САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 3 МЛН. ТОННАДАН АСТАМ КҮЗГІ ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ШАП ЖАРЫҒЫН ЛАПАРОСКОПИЯ КӨМЕГІМЕН ЕМДЕЙ БАСТАДЫ

azatmedia