Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.

Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласының аумағы кеңейіп, шағынаудандарда тұрғын үйлер саны артып келеді. Қажетті инфрақұрылым жүйелерін реттеу мәселесіне де сұраныс өсе түскен. Қазіргі таңда қаланың электр жарығының қуаттылығын арттырып, ауыз су мөлшерін көбейту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Ленгір қаласы тұрғындарының сұранысына сай электр жүйелерінің қуаттылығын арттыру мақсатында «Алатау» мөлтек ауданында қосалқы станцияның құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қуаттылығы – 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10. Қосалқы станция құрылысына республика бюджеттен 2 млрд. 169 млн. теңге қаржы қарастырылып, арнайы 2,0 га жер бөлінді. Іске қосылған жағдайда аудан орталығының «Қазығұрт», «Самал», «Алатау», «Шаңырақ» мөлтек аудандарындағы жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар сапалы электр энергиясымен қамтылады деп күтілуде. Аудан әкімі Төлеген Телғараев «Алатау» мөлтек ауданындағы қосалқы станцияның құрылыс алаңында мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІ ҮШІН АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫНА ОТАНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ

azatmedia

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ІІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

azatmedia