Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДЕ ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.

Осы орайдаТүркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол, инфрақұрылым, абаттандыру жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Өткен жылы бесінші ауданның құрылуына байланысты Түркістан облысында біршама өзгерістер орын алды. 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен облыста өнеркәсіп өнім көлемін арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту, инвестиция тарту бағытындағы жұмыс күшейтілген болатын. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айында өңірде 209,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,3% құрады, , деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 42,5% үлесін қамтамасыз ететін тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 89 млрд. теңгені құраса, өңдеу өнеркәсібі (үлесі 46,4%) өнімінің нақты көлем индексі – 110% немесе өнім көлемі 97 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 118,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға артты. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 16,9 млрд. теңгені (100%), мал шаруашылығы 100,2 млрд. теңгені құрады (101,2%). Облыста 55,8 мың тонна ет (тірідей салмақта), 160,8 мың тонна сүт, 57,7 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

2023 жылғы қаңтар-наурызында 4518,9 мың жолаушы тасымалданды, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 110,6% құрап отыр. Облыс экономикасын дамытуға 97,2 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 160,4%-ды құрады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА ХАЛЫҚ САНЫ 31,6 МЫҢ АДАМҒА ӨСТІ

azatmedia

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУ ТӨЛҚҰЖАТЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

azatmedia