Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Бұл шындық. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін ең алдымен оның дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді анықтауға тиіспіз. Оларды біртіндеп шешуді қолға алсақ, алға қойған мақсаттар да өздігінен орындала бастайды. Яғни ауыл шаруашылығы өнімдері артып, азық-түлік қауіпсіздігі төмендейді.

Осы орайда, Түркістан облысында Марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары қызу жалғасып жатыр.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов мәлім етті.

Спикердің сөзінше, өңірде шегірткеге қарсы күрес шаралары жоспарға сай атқарылып жатыр. Бұл ретте, бір күнде 3500-4000 гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 26 жерүсті бүріккіш техникасы мен 1 АН-2 жеңіл ұшағы жұмылдырылған.

«Түркістан облысында аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстары 8 сәуір күні басталды. Бүгінгі таңда, жоспарланған 705 000 гектар алқаптың 570 000 гектарында зерттеу, анықтау жұмыстары жүргізілді. Марокко шегірткесінің қоныстанған аумағы 90 000 гектарды құрайды. Оның 48000 гектарында экономикалық зиянды шегінен асқаны анықталып, 41000 гектар алқабына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді», – деді Ибрагим Жақсыбайұлы.

Брифингте белгілі болғандай, биыл аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары, фитосанитариялық іс-шаралар 10 ауданның 53 ауыл округінде жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша марокко шегірткесі көп тараған аймақтар белгіленіп, Сарыағаш ауданында 24 000 гектар, Арыс қаласында 11 000 гектар өңделген.

Өңірдегі шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын толықтай аяқтауға әлі 10 күндей уақыт бар. Бұл ретте, шегірткеге қарсы күрес күшейтілген. Алдағы уақытта марокко шегірткесіне қарсы барлығы 67 290 га алқапта, оның ішінде 59 050 га жерүсті желдеткіш бүріккіш техникаларымен, 8240 га әуемен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмек.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция тарапынан аталған фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мақсатында 40 мемлекеттік инспектор мен 19 қызметтік автокөлік жұмылдырылған. Болжам орталығынан 98 анықтаушы, оның ішінде 64 штат бойынша, 34 уақытша алынған анықтаушылар анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

azatmedia

НА ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ УЧАСТКАХ В ШЫМКЕНТЕ АКТИВНО УЧАСТВУЮТ ИЗБИРАТЕЛИ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ШАЛҒАЙДАҒЫ ҚОС АУЫЛДЫ ЖАЛҒАЙТЫН ЖОЛ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia