Соңғы жаңалықтар

Жұмысына тиым салынған халықаралық террористік ұйымдар

Жұмысына тиым салынған халықаралық террористік ұйымдар қатарындағы «Аль Каида» ұйымына Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде тиым салынған.

Атышулы «Аль-Каида» ұйымының басты мақсаты – исламдық және көптеген исламдық емес мем­лекеттердің аумақтарын бірік­тіретін, утопиялық мемлекет орнату арқылы бүкіл әлемде исламдық тәртіпті орнату.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесімен «Аль-Каида» террорлық ұйым деп танылған бұл ұйымға АҚШ, Батыс Еуропа елдерінде, Ресей және Өзбекстанда тыйым салынған. «Аль-Каида» және «Каида», «База», «Ислам әскері», «Еврей мен крестоностарға қарсы дүниежүзілік жихад ислам майданы», «Киелі жерлерді азат ету Ислам әскері», «Усама бен Ладен ұйымы», «Ислам құтқару қоры», «Киелі жерлерді қорғау тобы» ұйымдары қаржылық мүмкіндік­тері бар лаңкестік ұйым болып саналады.

«Аль-Каида» ұйымы ең ірі террорлық актілерді жасаған. Мысалы 1998 жылы 7 тамыздағы Кенияның Найроби және Дар-эс-Салам қалаларында (Танзания) американдық елшіліктегі жарылыстар, 2000 жылы қараша айында Йеменде «Коул» американдық эсминціне жасалған шабуыл, АҚШ-та 2001 жыл 11-қыркүйектегі атышулы террорлық актіні айта аламыз. Сіз бен біз үшін бұны білген дұрыс.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

АКИМ ГОРОДА ОЗНАКОМИЛСЯ СО СТРОИТЕЛЬСТВОМ ИНФРАСТРУКТУРНЫХ СИСТЕМ МИКРОРАЙОНА «ТУРАН»

azatmedia

ҚАНДАСТАРДЫ БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ЫҚПАЛДАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА АТАЖҰРТҚА ҚОНЫС АУДАРҒАНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

azatmedia

Сайлау алды пікірсайыстарға қатысушылардың тізімі бекітілді

azatmedia