Соңғы жаңалықтар

Дәстүрлі Ислам діні қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі

Дін ұстанатын адам ұстамды, сабырлы, салиқалы болады десек, оның түбінде мәдениеттілік ұғымы жатады. Адамзат баласы дінге мойынұсынып, Жаратушы жіберген киелі кітаптардағы көрсетілген жолмен жүруге бағытталса, әсте қиянатқа бармасы анық. Ал, оның соңында жоғары мәдениеттіліктің ізі қалыптасады.  

Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгерді. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына терең өзгерістер енгізіп отырды.

Қазақы салт-дәстүр мен Ислам дінінің, оның ішіндегі сүнииттік бағыты қандай сабақтас дамыған болса, мәдениет те солай дамыды. Мәселен, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, ата-ананы құрметтеу, тағысы тағы, барлығы да халықтың дін мен мәдениетінің бірге ұштасуына алып келеді. Әлімсақтан ұлтымыз мәдениетті және діни білімді болған.

Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек.

Мемлекетімізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз қажет.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

azatmedia

Жігергенде егін шаруашылығы жандануда

azatmedia

ШЫМКЕНТ: НАЗНАЧЕН НОВЫЙ АКИМ ЕНБЕКШИНСКОГО РАЙОНА

azatmedia