Шоу-бизнес

«Жан-жағым өзгеріп кетті» – Қайрат Нұртастың жазбасы оқырмандарын ойландырып қойды

Қайрат Нұртас соңғы кездері желіде түрлі астарлы жазбалар жазып, елді ойландырып жүр. Әншінің кезекті жазбасы оқырмандарын тағы да алаңдатып қойды, – деп жазады kaz.nur.kz.

Қайрат Нұртас бұған дейін де түрлі астарлы ойларын желіге жүктеп, ел назарын өзіне аударған еді. Бұл жолы да ол өз жазбасымен көптің көңіліндегі сұрақтарға жауап беруге тырысқан. Айтуынша, ол өзінің желідегі оқырмандарына көңіл бөлмей кеткендіктен, бұл олқылықтың орнын олардың сұрақтарына жауап беру арқылы толтыруды шешкен. «Мен өзгерген жоқпын, сол баяғы Қайратпын ғой. Бірақ, жан-жағым өзгеріп кетті, ол рас… Кешегі бір оқырманымның сұрағына жауап. Сіздерге де көңіл бөлмей кеттім, бүгін қызықты сұрақтарға жауап беремін», – деп жазды ол. Әншінің фанаттары оның екіұшты жазбасына пікірлерін жаудырып, алаңдаушылық білдірді. «Не болған бұл кісіге?», «Қайрат аға, бәрі де жақсы болады, уайымдамашы», «Осындай сөздер арқылы адамның өмірінде не болып жатқанын бірден білуге болады», » Мұңайма, саған жараспайды», «Өзгересің ғой, адам бір қалыпта тұра бермейді ғой, әйтеуір, аман болшы», – деді пікір білдірушілер. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944315-men-ozgergen-zoqpyn-zan-zagym-ozgerip-ketti-qairat-nurtastyn-zazbasy-fanattaryn-oilandyryp-qoidy/

Қатысты жаңалықтар

«Ұтатын кім екенін сезіп тұрмын» – әнші Әміре «Маска» шоуы туралы айтты

azatmedia

«Жағыңа жылан жұмыртқаласын!»: Балғынбек Имашев Алексей Цойға өз ренішін білдірді

azatmedia

Хиджаб киіп бидің түбін түсірген Индира Расылхан желіде сынға ұшырады (видео)

azatmedia