Соңғы жаңалықтар Шоу-бизнес

Ақбота Керімбекова: «Біз ондайға үйренгенбіз»

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ақбота Керімбекова өзінің қымбат көлік сатып алғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Өнер иесі желіде шу тудырған жаңалыққа қатысты өзі жауап беріп, оның рас-өтірігін айтуды шешкен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова өнердегі әріптесі Қайрат Әділгерейдің өзін жаңа көлікпен құттықтаған видеосынан кейін ел алдында ақталуға мәжбүр болды. Желі қолданушылары әншінің Lexus-570 алғаны туралы ақпаратты наразылықпен қабыл алған. Алайда, өнер иесі өзін қызу талқыға салған халыққа Instagram желісінде жауап беріп, аталмыш жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын айтты. Эстрада жұлдызы қымбат темір тұлпарды сатып алғанын жоққа шығарды. Оның сөзінше, шу тудырған видеода Қайрат Әділгерей бәрін әзіл ретінде айтқан.

«Уайымдамаңыздар! Бастық та болған жоқпын, Lexus-570 көлігін де алған жоқпын. Қайратжан болашақта жететін жетістіктеріммен ертерек құттықтағаныңа рахмет. Қайрат көңілін қалмасын. Біз ондайға үйренгенбіз. Мақтаса да, даттаса да өз қазағымыз ғой. Сол себепті халқыңның көңілін көтеріп жүре бер», – деп жазды Керімбекова.

Қайрат Әділгерейдің өзі де аталмыш бейнежазбасынан кейін көпшілікпен байланысқа шығып, оқыған жағымсыз пікірлерден жаға ұстағанын жасырмады.

«Ақбота Керімбекованың жаңа Lexus-570 алды деп қалдыңдап салған едім. Видео бірден түрлі пабликтерге тарап кетіпті. Оның астындағы пікірлерді оқып халықтан көңілім қалып қалды. Халықтың пейілі, недеген жағымсыз пікірлер. Қарғап жатыр. Олай болмау керек. Мен тіпті қалжыңдамасам да, ол рас болғанның өзінде де біреудің қуанышына қуана білу керек», – деді әзілкеш.

Қатысты жаңалықтар

ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТІП, ЖАНАШЫР БОЛА БІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР

azatmedia

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

azatmedia

Халық денсаулығы басты назарда

azatmedia