Соңғы жаңалықтар

Митинг. 1 адам қайтыс болды

Бішкектегі наразылық кезінде бір адам қайтыс болды, –  деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген. Соңғы мәлімет бойынша, митингіде барлығы 590 адам зардап шеккен, олардың 150-і ауруханаға жатқызылды. 13 адам реанимацияда.

Бұған дейін наразылық білдірушілер Президент әкімшілігі мен Парламент орналасқан Ақ үйге басып кірген болатын. Содан кейін наразылық акциясына қатысушылардың бір бөлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) тергеу изоляторына барып, 2019 жылғы тамызда тұтқындалған республиканың экс-президенті Алмазбек Атамбаевты, сондай-ақ Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковты босатқан.

Айта кету керек, наразылықтар Парламент сайлауы нәтижелері белгілі болғаннан кейін басталған.

Қатысты жаңалықтар

Митинг. «Кредитті кешіру мүмкін бе?»

azatmedia

ӘМІРЕ, ИСА ҮШЕУІ ЖАН АЯМАС ДОС БОЛЫПТЫ…

azatmedia

Түлектердің ҰБТ-дағы нәтижесі жоғарылады

azatmedia

Пікір қалдыру