Соңғы жаңалықтар

Қабланбек тұрғындары электр энергиясымен толықтай қамтылған

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі әкімі әлеуметтік экономикалық даму бойынша 2021 жылдың 10 айында  атқарылған жұмыстар есебін берді. Онда өңір басшысы ауылдық округтегі инфрақұрылым мәселесіне тоқталып, атқарылған жұмыстар жайын баяндады.

Қазіргі уақытта Кабланбек, Ташқұлақ, Зах елді мекендерінің тұрғындарын (1520 абонент, 9677 тұрғын) «Сарыағаш Тұрмыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына  қарасты Ташқұлақ су айдау стансасы арқылы, Сіргелі елді мекенінің тұрғындарын (531 абонент,3973 тұрғын) «ОңтүстікСушар» РМК тарапынан ауыз сумен қамтамасыз етіп келеді.

Қанағат, Жонарық, Ақниет елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Прикаспийское управление стройтельство Шымкент» ЖШС-і жобалық сметалық құжаттамасын аяқтады. Облыстық энергетика басқармасы арқылы республикалық бюджеттен қаржы бөлдіру үшін бюджеттік өтінім берілді. ЖСҚ-ң жалпы құны 1016,0 млн тг.

Электр энергиясына келсек, ауылдық округінің тұрғындары, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар 100 пайыз электр қуатымен қамтамасыз етілген.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 100 МЫҢ КІТАП ҚОРЫ БАР КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕКІ БІРДЕЙ МЕКТЕПТІҢ ҚОСЫМША КОРПУС ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП ОТЫР

azatmedia

Алпауыт державаны кім басқармақ?

azatmedia