Соңғы жаңалықтар

Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Azatmedia.kz. Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Рустам Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне;

Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне;

Болат Қуанышбекұлы Сәмбетов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне;

Сәбит Нұрлыбай Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Сонымен қатар Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИДАЙ ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ЖЕТІ АЙДА 1500-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia

Мемлекеттік конфессиялық қатынастарға псевдосалафизмнің төндіретін қаупі

azatmedia

Пікір қалдыру