Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ДЕПУТАТТАР МҰҚТАЖ ЖАННЫҢ ҮЙІНЕ ГАЗ ТАРТЫП БЕРДІ

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Талғат Балтабаев пен Айжан Наимбекова көмекке мұқтаж тұрғынның үйіне газ тартып берді. Бұл туралы журналист Құдірет Момынхан өзінің парақшасында жариялады.

«Естеріңізде болса, Асхат Әссәнди 20 тамыз күні Қаратау ауданы, Қайтпас-1 шағын ауданының тұрғыны Шолпанай апаның шаңырағынан тікелей эфирге шығып, мәселесін көтерген болатын. Бұл туралы «Айғақ» телеарнасында «Қариясын жылатпаған ел едік» атты бейнематериал да жарыққа шыққан. Мәселеге келсек…

Апаның үйі апатты жағдайда тұрған. Бұдан да сорақысы, көгілдір отынның игілігін көре алмай отыр еді. Қыстың қақаған суығында пешке от жағып, кірді қолмен жууға мәжбүр. Отбасына келсек, екі немересімен бірге тұрады. Үлкені Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Кішісі колледжде оқиды. Зейнетақымен күнін көріп келеді. Бас-аяғы 80 мың теңгенің бір бөлігін алыстағы қызына салады. Бір бөлігімен несие жабады. Қалғанын немерелеріне жұмсайды. Газ кіргізуге 500 мың теңгедей қаражат қажет. Мұны әженің қалтасы көтермесі анық. Шолпанай апа тұрмыстың ауыр жүгі арқасына батса да көпке алақан жаймаған. Әкімдіктің көмек сұрап бармаған. Жақында «Ауыл» партиясының азаматтары үйге жөндеу жұмыстарын жүргізіп берген болатын» деп жазды ол.

Бұдан бөлек, мәселенің мән-жайына қанық болған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясының фракция мүшесі Талғат Балтабаев демеушілік жасап, газ кіргізіп беретінін жеткізген болатын. Арада көп өтпей, халық қалаулылары Талғат Балтабаев пен Айжан Наимбекова «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында демеушілік жасап, газ тартып берді. Бүгін әженің шаңырағына ат басын бұрып, газға қойылған ыстық шәй мен астан дәм татты. Шолпанай әженің қуанышында шек жоқ. Жаны жомарт депутаттарға алғысын айтып, батасын берді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

Қарапайым тұрғын джекпот ұтып алды

azatmedia

АҚШ консулдығы «Борат 2» фильміне қатысты ресми жауап берді

azatmedia