Соңғы жаңалықтар

Таразда аялдамада болған оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Бүгін таңертең Тараздағы аялдамада автокөлік адамдарды қағып кетті. Салдарынан екі әйел оқиға орнында қайтыс болып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайына қатысты ақпарат берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тараз қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашевтың хабарлауынша, емдеу мекемесіне екі әйел жеткізілген.

«Таңғы сағат 7:30-да 1968 және 1993 жылы туған екі әйел түсті. Қызда жұмсақ тінінің, басы мен иығының самай сүйегінің жарақаты болды. Пациенттің жағдайы тұрақты. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, содан кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді. Екінші, 53 жастағы әйелдің жағдайы ауыр деп бағалануда. Бас миының шайқалуы, төменгі жағының, сол жақтағы бес қабырғасының, 11-омыртқасының, төменгі сүйектерінің сынуы диагнозы қойылған науқас жансақтау бөлімінде жатыр», – деді Сәкен Жұмашев.

Еске сала кетейік, Тараздағы жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалған еді. Кейінірек, полицейлер екі адамның қайтыс болып, тағы екеуі жарақат алғанын хабарлады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДЫ ӘДЕБИЕТКЕ ЖАҚЫНДАТАТЫН ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

azatmedia

Жарықтандыру жұмыстары жалғасын табады

azatmedia

Қазақстандықтар Жапония мен Оңтүстік Кореядағы тайфуннан қалай аман қалды (фото, видео)

azatmedia