Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА БАТЫР АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бәйдібек ауданында көпбалалы 22 анаға «Алтын» және «Күміс» алқалары табысталды. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бағдатбек Жанғазиев алтын құрсақты аналарды қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті, – деп хабарлайды Anyqtimes.kz.

Еліміздің халық саны мен ел демографиясына үлес қосып отырған аудандағы ақ жаулықты 22 ана осы марапатқа ие болды. Оның 7-еуі алтын алқа, 15-і күміс алқа иегері.

Бәйдібек ауданында мыңға жуық «Алтын» алқа иегері мен 1300-ден аса «Күміс» алқа алған аналар тұрады. Алтын алқаның ішінде батыр аналар – 173.

Қатысты жаңалықтар

АЖАРЛАНЫП, АБАТТАНҒАН «ЧЕРНОБЫЛЬ» ГҮЛЗАРЫ

azatmedia

«ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?»

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

azatmedia