Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА ЖЕТІСТІКТЕРІ

Тоқсаныншы жылдардың басында Шымкентте 27 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істесе, қазір 88-ге жетті.  Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздегі медицина саласы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Қаншама аурухана, емхана, перзентханалар салынды. Кеңес жылдары шымкенттіктер бұл туралы армандай да алмайтын.

Қалада психикалық сауықтыру орталығы, кардиологиялық, перинаталды, «Мейірім», «Ана мен бала» сауықтыру орталықтары, медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру орталығы, қалалық кардиологиялық орталықтың жаңа кардиохирургиялық корпусы сияқты заманауи ірі медициналық мекемелер ашылды. Сондай-ақ, қан орталығы мен үш бірдей қалалық емхана бой көтерді.

Бұл кезеңде медициналық мекемелердің материалдық базасы күшейе түсті. «Жаңа, қымбат жабдықтар сатып алынды. Мысалы, 2000 жылға дейін Шымкентте тек бір компьютерлік томограф бар болса, қазір олардың саны төртеу. ОҚО-ның аудандарында да сонша томограф бар. Басқа жабдықтарды айтпай-ақ қояйын. Егер бұрын осындай дәрежеге жете алмасақ, қазіргі кезде бауыр мен бүйректі ауыстыру отасын жасай аламыз. Шымкенттік дәрігерлер оны армандай да алмайтын. Оған тек Мәскеу, Киев, Ленинград сияқты ірі қалаларда ғана қол жеткізу мүмкін еді. Қазіргі кезде күрделі оталар облыс орталықтарында да жасалады.

Қазақстандық медицина саласындағы жетістіктер Тәуелсіздіктің 30 жылында Батыста қол жеткізілген жетістіктермен теңдей. Елде медицина ғылымы мен медицинаны дамыту бізге көп нәрсені шешуге мүмкіндік берді. Және де кардиология, тірек-қозғалыстық аппаратты емдеу мәселелері, барлық басқа да бағыттар бойынша. Осының арқасында қазақстандықтардың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 10 жылдың ішінде 64 жастан 72,3 жасқа дейін өсті.

Қатысты жаңалықтар

ОРДАБАСЫДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР

azatmedia

Африкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы қайын інісіне келін шай берді (видео)

azatmedia

Боратты ұстау операциясы. Бүркіттің діттігені не?!

azatmedia