Соңғы жаңалықтар

«ТҰРАН» ШАҒЫНАУДАНЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен «Тұран» шағынауданын дамыту бойынша көшпелі жиын өтті. Жиында шағынауданды көгалдандыру, тұрғын үйді пайдалануға беру және жол құрылысы мәселері талқыланды.

Жиында сөз алған қала басшысы ең алдымен азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау қажет екенін айтты. Ол үшін ин¬фра-құрылыммен қамтамасыз ету ісін жүйелендіруді қолға алуды атап өтті. Ең алдымен сапалы тұрғын үй салу, сонымен бірге газ, ауыз су, сапалы электр жарығы, жол мен абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін ретке келтіруіміз керек.

Көшпелі жиында «Тұран» шағынауданының даму жоспарына сәйкес, 14 15 18 19 20 21 22 23 24 орамдардағы тұрғын үй және әлеуметтік нысандар, саябақтар құрылысы, 25, 26, 28, 29 орамдардың инженерлік жүйелердің құрылыс жұмыстары мен жол құрылыстарының барысы пысықталды.

Бүгінде «Тұран» шағынауданында (Солтүстік-Шығыс бөлігі) №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13 көшелерде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол, веложол және автомобиль жолдардың сызбалары енгізілген. №1,2,6,7,8,10 көшелердің құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Ал 3,4,5,9,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі. Сондай-ақ, шағынауданды мектепке баратын жолмен қамтамасыз ету бойынша жалпы ұзындығы 908 м, ені 6 м жолға 2 қабатты асфальт төсеу жобаланған.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Мұрат Әйтенов салалық басқармаларға құрылыс жұмыстарының кестеге сай өз уақытында сапалы атқарылуын қадағалауды және әрбір мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарының барысында қауіпсіздік шараларына мұқият болуды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

В 175 ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЯХ ПРОВЕДУТ ТЕКУЩИЙ РЕМОНТ ЗДАНИЙ

azatmedia

ӘЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА 7,3 МЛРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

Елді мекен жолдары жөнделеді

azatmedia