Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқарма төрағасы, профессор, академик Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен және орталықтың жоғары білікті мамандарының қатысуымен өңірде үшінші рет бауыр трансплантациясы сәтті орындалды.
Бауыр трансплантациясы – хирургия саласындағы ең күрделі және жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі.
41 жастағы науқасқа бауыр циррозы, портальды гипертензия, өңеш веналарының варикоздық кеңеюі (1-дәрежесі), спленомегалия, екіншілік цитопения. Қалқанша безінің диффузды токсикалық зобы диагнозы қойылған. Азамат шамамен жарты жыл бойы ауырып, стационарлық ем қабылдаған. Ауру портальды гипертензия, асцит, спленомегалия сияқты асқынулармен жүрген. Жүргізілген емге қарамастан, жағдайының нашарлауына байланысты бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз тиімді жолы ретінде қарастырылды.
Науқастың 20 жастағы туған қарындасы өз еркімен донор болуға келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ.
Отаны А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының мамандарынан құралған бірлескен команда жасады.
Қазіргі таңда науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтуде, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп тұрақтануда.
Облыстың білікті дәрігерлері күрделі медициналық оталардың сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл – жергілікті медицина сапасының жаңа деңгейге көтерілгенін айқын дәлелі.
Бұл бауыр трансплантациясы Түркістан облысында медициналық қызмет сапасының айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді. Жоғары білікті мамандардың тәжірибесі мен заманауи медициналық технологияларды пайдалану науқастарға өмірлік маңызды операцияларды жергілікті жерде алу мүмкіндігін береді. Енді тұрғындарға күрделі оталар үшін басқа қалаларға барудың қажеті азайды.
Операция барысында донорлықты ерікті түрде қабылдаған туыстың қатысуы трансплантацияның сәтті өтуіне үлкен үлес қосты. Бұл тәжірибе бауыр трансплантациясына қатысты отбасылық қатынастар мен қоғамдағы донорлық мәдениетті нығайтуға үлес қосады.
Сонымен қатар, осындай күрделі ота түрлерін орындау өңірлік медицина кадрларының біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жергілікті дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсіби дамуы арқылы Түркістан облысында жоғары технологиялық медициналық қызметтер тұрақты түрде қолжетімді болмақ. Алдағы уақытта да осындай операциялар саны артқаны жөнінде жоспарланған, бұл өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, сонымен қатар медицина саласында аймақтық өз бәсекелестікті дамытуға септігін тигізеді.
