Соңғы жаңалықтар

«Ұлтымен қоштасқандай» – Қытай мектебіндегі соңғы қазақ сыныбын бітірген түлектердің әні елді жылатты

Желіде Қытай мектебіндегі соңғы қазақ сыныбы түлектерінің видеосы тарады. Facebook қолданушысы Ерқанат Тұрсынжанұлының сөзінше, бұл мектептегі қазақ тіліндегі ең «Соңғы қоңырау». Бұдан былай мектеп тек қытай тілінде білім береді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видео көптің жүрегін ауыртты.

«Қазақ тілінің соңғы түлектері… Қытайдың Күнес ауданында қазақ сыныбының соңғы түлектері мектеп бітірді. Мектеп бітіру кешінде қазақша «Соңғы қоңырау» әні айтылды. Қазақ тіліндегі ең соңғы қоңырау… Енді бұдан былай мектепте тек қытай тілі оқытылады», – деп жазды Ерқанат Тұрсынжанұлы.

Желі қолданушылары видеоны көріп көздеріне жас үйірілгенін жасырмады. «Мектеппен емес, ұлтымен қоштасып жатқандай», «Жүректі ауыртатын жағдай», «Өкінішті, неге елге келмейді? Сол төңіректегі қазақ жұрты тілімізді, дінімізді ұмытпаған. Тіпті бізден артық біледі. Өздері сондай мәдениетті, кішіпейіл адамдар», «Көзіңе еріксіз жас үйіреді», – деп пікір жазды желі қолданушылары. Видеоны желіде бөліскендердің саны сағат сайын артуда. Онда бірдей киім киген мектеп оқушылары хормен «Соңғы қоңырау» әнін орындаған. Сондай-ақ спорт залда қолдарына қызыл жалауша ұстап сапта тұрған оқушыларды байқауға болады.

Қатысты жаңалықтар

Салафизм деген қандай ағым?

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ӘМБЕБАП АТУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

САМОЙ ДРЕВНЕЙ ШКОЛЕ ШЫМКЕНТА – 146 ЛЕТ

azatmedia