Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш: Дербісек ауылдық округінде санитарлық талаптар қатаң сақталуда

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінде бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында қөрсетілген талаптар қатаң сақталып келеді, – деп жазады Аnyqtimes.kz.

Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 2021 жылдың алғашқы 6 айында жасалған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Онда өңір басшысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында қөрсетілген талаптардың барылығын орындау үшін тиісті комиссиялар құрылып, іс-шаралар бекітіліп, жұмыстар жүргізіл жатқанына тоқталып өтті.

Қазіргі уақытта округ аумағында 3 тойхана, 3 спорт кешені және 7 монша,  7 сауда орталығы, 17 азық-түлік дүкені, 3 дәріхана, 2 кафе, 5 асхана, 3 әсемдік салоны, 3 техникалық қызмет көрсету орталығы (вулканизация), 3 көлік жуу орны қаулыда көрсетілген уақыт бойынша өз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барша санитарлық талаптар әкімдік тарапынан қатаң бақылауда.

Айта кету керек, Дербісек ауылдық округі Дербісек және Атамекен елді мекендерінен құралған. Халық саны – 17 930 адам. Жер көлемі – 19070 га. Тұрғын үй саны – 2372. 2779 отбасы бар. Барлығы 16 ұлттың өкілі тұрады

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-БӘЙДІБЕК: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» марафоны жалғасуда

azatmedia

Қазақстанда шілдеден бастап кімдердің жалақысы 150 пайызға дейін өседі?

azatmedia

Солтүстік Қазақстан облысында 1 теңгеге мектеп сатып алуға болады

azatmedia