Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

«Баға қойылмайды» – Вице-министр болашақта қандай өзгеріс болатынын айтты

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушыларының білімі қалай бағаланатынын айтты, – деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ол 2020 жылдан бастап бірінші сынып оқушыларына баға қоймау туралы шешім қабылданғанын еске салды. Алайда бұл пандемия кезінде қашықтан оқыту форматына ауысумен байланысты емес.

«Шешім шектеу шараларының шарттарымен сәйкес келді. Шын мәнісінде болашақта бірінші сынып оқушыларына баға қойылмайды. Бұл мәселеге қатысты әлемдік тәжірибе де зерделенді. Көптеген жетекші дамыған елдер осылай жұмыс істейді», – деп түсіндірді ол.

Айтуынша, бүлдіршіндер үшін критериалды бағалау жүйесі енгізіледі. Ол формативті (күн сайынғы жетістіктер) және жиынтық (бөлімдер мен тоқсан бойынша) бағалаудан тұрады.

«Биыл қашықтан оқыту басталғанда, ата-аналар көру үшін балалардың күн сайынғы жетістіктерін тіркеп отырдық. Сол себепті ережелерге өзгеріс енгізілді: күн сайын баллмен бағалау. Бұл дәл биылғы оқу жылының ерекшелігі еді», – дейді вице-министр.

Ата-аналарды, балалар мен мұғалімдерді бағаның өзі емес, оқу жетістіктері –оқушылардың білімі қаншалықты өскені қызықтыруға тиіс, деп түйіндеді сөзін Қаринова.

Қатысты жаңалықтар

БҮГІН 18 ЖАСҚА ТОЛҒАН ШЫМКЕНТТІК САЙЛАУШЫ ТУҒАН КҮНІН ДАУЫС БЕРУДЕН БАСТАДЫ

azatmedia

Елбасы праймеризде дауыс берді

azatmedia

АКТЕР, ИСПОЛНЯЮЩИЙ В ОДНОМ СПЕКТАКЛЕ РОЛЬ ТРЕХ ПЕРСОНАЖЕЙ

azatmedia