Соңғы жаңалықтар

«Кенже баланы артық көру дұрыс па?» – Дінтанушы ұл-қызына бөліп қарайтындарды қатаң сынға алды

Бүгінде балаларын бөліп-жаратын ата-аналар көп. Тұңғышына көп көңіл бөлмей, «өзімді бағады, асырайды» деген оймен кенже баласына ғана басымдық беру біраз жанның тұлға ретінде қалыптасуына кедергі келтіруде. Бұл туралы дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы мәлімдеді. Дін маманының айтуынша, оған «ата-анамыздан жылу көрмедік» деген сұрақпен келетіндер қатары арта түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Баланың бәріне тең қарау керек. Бізде кенже баласы қолында қалатындықтан, оған ерекше басымдық беретін ата-аналар көп. Кеңес заманына келе жатқан кемпір-шалдар да пенсиясын кенжесіне беріп, барлық жылы-жұмсақты кенже баланың аузына тосады. Кенже бала бұзықтық жасаса кешіріммен қарайды, ол басын қабырғаға соқса баланы емес, басқаны кінәлайды. Кенже баладан туған немересін де басқадан артық көреді. Бұл дұрыс емес! Баланың бәріне әділ болмасаң, болашақта өз-өзінен комплекс іздеп, басқадан жылу күтіп, өмір бойы өзін дәлелдегісі келіп тұратын ұрпақ өсіресің», – дейді дінтанушы.

Нұрлан Байжігітұлының айтуынша, ата-ананың баланы бөлуі салдарынан көптеген адам өмір жолында кедергілерге кездеседі.

«Бізде бәрін кенже баласына жығып беретіндіктен, оның алдындағы үш баласының танымы бәрібір де соққы алады. Сондай-ақ, қызды да жатжұрттық деп есептеп, оған атүсті қарайтын ата-аналар жоқ емес. Бар балаға әділ болып, бар назарыңды теңдей бөлсең, бізде өз-өзіне сенімді, әр қадамын нық басатын ұрпақ пайда болады. Кешегі Қазанда болған қайғылы оқиға да осының салдары деп білемін. Ата-анасымен түсініспеген, әке-шешеден мол мейірім алмаған балалар осындай қатыгездікке барады. Сондықтан, баланың бәрін бірдей көріңіздер. Ата-ананы құдай бақсын деп тілеу керек. Бұрынғы бабаларымыз да «Балама күнімді қаратпа, өзің жар бол» деп тілеген. Бұл ешкімге қол жайғызбай, өзіме қауқар бер деген сөз», – дейді имам.

Қатысты жаңалықтар

ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ

azatmedia

50 ЖИЛЬЦАМ АРЕНДНОГО ЖИЛЬЯ ВЫДАНО ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ

azatmedia

ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ КУРСАНТТАРЫ ӨЗДЕРІН ОФИЦЕР РӨЛІНДЕ СЫНАП КӨРУДЕ

azatmedia