Соңғы жаңалықтар

«Ер есімі – Ел есінде» мемориалы ашылды

Ордабасы ауданы «Теспе» мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша бүгінгі күні тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта жаңғырту, «Тәуелсіздікке 30 – жыл» мерекесіне орай «Ер есімі – Ел есінде» мемориалының ашылуына орай салтанатты жиын өтті. Мақсат – оқушыларға Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістіңмән-маңызы туралы мағлұмат беру, сондай-ақ арамызда жүрген ардагер-майдангерлеріміздің ерліктерінүлгі ете отырып, оларды құрметтеуге, жастарды Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу. Жиынға аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің төрағасы Төлебаев Қайрат мырзаға және аудандық әкелер мектебінің төрағасы Лесбек Жүсіп, орынбасары Асқар Қожагелдиев,ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінен Ержан Мырзабеков,ауыл ақсақалдары Әсілханұлы Әзімхан ата, Әдеханов Камалхан және Ордабасы аудандық маслихат депутаты Жанысбаев Талғат мырзалар қатысты. Мектеп ең алғаш 1964 жылы «Теспе» бастауыш мектебі болып ашылған болатын, одан кейін 2001 жылы 15 қазан күні «Теспе» негізгі мектебі болып ашылды. Сол мектебіміздің ашылуына өз ықпалын тигізген Монтай Абутәліп ағамызға рақмет! Ескерткішті жасауға демеушілік жасаған Балғынбаев Болат Махашұлы (2003), Лесбек Жасұлан Сәтбайұлы 2008 жылғы түлектерге айтар алғысымыз шексіз. Ескерткіш 738000 теңгені құрайды. Жанысбаев Әлназар ағамызға және сол кездегі облыстық мәслихаттың депутаты Оспанов Бақытжан ағаларымызға, «Теспе» негізгі мектебі болып ашылған кезде физика кабинетін қажетті құрал-саймандармен жабдықтап берген және де ұстаздық еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан Балғынбаев Тоқтар ағамызға мың алғыс!Туған жері мен білім алған ыстық ұя мектебіне демеушілік жасаған осындай түлектеріміз көп болсын!

Қатысты жаңалықтар

Жаңа мектептер құрылысы жүруде

azatmedia

Леңгір қаласының ажары арта түсті

azatmedia

Фируза Шарипова бокстан әлем чемпионы атанды

azatmedia