Соңғы жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 39 КӘСІПОРЫН 8 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ

Ордабасы ауданында 39 кәсіпорын 8 млрд. теңгенің өнімін өндірді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,9 пайызды құрайды. Ағымдағы жылы «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 28,7 млрд.тг. құрайтын 4 жоба 465 жаңа жұмыс орнымен іске қосылады деп күтілуде. Атап айтқанда: «Standart Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай-химия өңдеу жобасы, жалпы құны 300 млн. АҚШ доллар (129,9 млрд.тг.), 550 жұмыс орнымен, жылдық қуаттылығы 2 млн.тонна; «Агро-V» ЖШС-нің жаңа технологиялы қыш зауыты жобасы, жалпы құны 2,3 млрд. тг., 60 жұмыс орнымен. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде; «RZN» ЖШС-нің автоклавталған газдалған бетон өнімін өндіру жобасы, жалпы құны 1,6 млрд. тг., 150 жұмыс орнымен. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде; «Александровский сад» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасы, жалпы құны 0,8 млрд. тг., 15 жұмыс орнымен. Жоба 01.03.2021 жылы мемлекеттік қабылдаудан өтті, 3-тоқсанда іске қосылады деп күтілуде.

Қатысты жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

Қашықтан оқыту екі форматта жүргізіледі

azatmedia

МУРАТ АЙТЕНОВ: ЦЕНТР «IKOMEK 109» ПОКАЗАЛ СВОЮ ЗНАЧИМОСТЬ

azatmedia