Соңғы жаңалықтар

ТЕАТРДА «КІМ ПАТША?» ЕРТЕГІСІ САХНАЛАНДЫ

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры, «Нұрсәт» өнер мектебі және Арнайы оқытуды қажет ететін балаларға арналған ШҚББ Сайрам көмекші мектеп-интернат колледжінің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Мерекеге орай кішкентай көрермендердің назарына А.Атымтаеваның «Кім патша?» ертегісі қойылды. Сахналық қойылым барысында достықтың адам өмірінде қаншалықты бағалы екені және қоршаған ортада тазалық сақтау керектігі жөнінде тәрбиелік ұғым жеткізілді. Ертегі соңында «Нұрсәт» өнер мектебінің білім алушы өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. Театр фойесінде «Әлем балалар көзімен» көркемөнер көрмесі мен Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының «Сахнаның тылсым сыры» атты бутафориялық бұйымдар мен сахналық костюмдер көрмесі өткізілді. -Балаларды қуанту үшін жылдағы үрдіс бойынша іс-шара ұйымдастырылып отыр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілін аулап, оларға бір сәт қуаныш сыйлау үлкен бақыт. Тәлім-тәрбиесі мол қызықты қойылымдар арқылы балалардың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру- біздің басты мақсатымыз, – деді Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының директоры Қайрат Қарғабаев. Жиын соңында балаларға мерекелік сыйлық үлестіріліп, фотосессия жасалды.

Қатысты жаңалықтар

Жезөкшелікпен айналысқан 69 қыз, 10 еркек ұсталды

azatmedia

ПОВРЕЖДЕННЫЕ СИЛЬНЫМ ВЕТРОМ ЗДАНИЯ ВОССТАНАВЛИВАЮТСЯ

azatmedia

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ РАБОТЫ ПО СТРАТЕГИЧЕСКОМУ РАЗВИТИЮ ШЫМКЕНТА ЗА 5 МЕСЯЦЕВ

azatmedia