Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫНА 16 МЫҢ ТОННА ҚЫЗАНАҚ ПЕН ҚИЯР ӨСІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ БАР

Түркістан облысы, Сайрам ауданында 11 гектар жерді қамтитын, облыстағы ең ірі жылыжай кешені бар. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы аталған жылыжайда болып, жұмысымен танысты.Бұл жылыжай өнімдері ел аумағында және Ресей еліне экспорттауға бағытталған. Облыс әкімінің орынбасары газ, су, электр жарығы сияқты коммуналдық қызметтердің қолжетімділігіне тоқталып, шаруалармен пікір алмасты. Қыс мезгілінде газ қысымы төмендеп немесе мүлдем өшіп қалған жағдайда баламалы дизельді жылыту жүйелерін іске қосып, жұмысты жалғастыруға болатыны да айтылды.»ЭкоИнвест» жылыжай кешенінің жалпы аумағы 21 гектарды құрайды, қазіргі таңда 11 гектар жерді қамтып, оның 5 гектар жеріне қызанақ, 6 гектар жерінде қияр өсуде. Алдағы жылы қалған 10 гектар жылыжай құрылысы аяқталып, іске қосылмақ.Мұнда қызанақтың 7, ал қиярдың 2 түрлі сорты өсірілуде. Жылыжайда 200-ге жуық жұмысшы жұмыс істейді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі 

Қатысты жаңалықтар

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ ТІРКЕЛГЕН АЗАМАТТАР НЕГІЗСІЗ КЕЗЕКТЕН ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ САЛАСЫ ТОЛЫҚ ЦИФРЛЫ ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ

azatmedia

Қазақстандағы көлік саласына жаңа талаптар енгізілмек

azatmedia