Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 131 ОҚУШЫ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ИЕГЕРІ АТАНҒАН

Шымкентте 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылар білім сайыстарында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, Елбасы академиясының ұйымдастыруымен өткен «El umiti» жобасына қаладан 500-ден астам оқушы қатысып, республикалық комиссияның шешімімен 131 оқушы «Елбасы медалі» иегері атанды. «Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бұл марапат 6 ай ішінде 7 бағытта берілген тапсырмаларды дұрыс орындаған жастарға беріледі. Бұл жобаға биылғы жылы қаладағы мектептерден 1 мыңнан астам оқушы қатысып отыр.Бұдан бөлек, республикалық байқаулар мен олимпиадаларда 69 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді. Ал республикалық ғылыми жобалар сайыстарында – 10 оқушы жүлделі орынды иеленді. Спорттың 10 түрінен өткен республикалық сайыстарда шымкенттік оқушылар 7 рет чемпион атанды. Оған қоса, биыл шымкенттік оқушылар республика көлемінде 250-ден астам ғылыми жоба Олимпиадасына қатысып, 55 оқушы жеңіс тұғырынан көрінген. Ал халықаралық ғылыми жобалар байқауынан 2 оқушы жүлдегер болған. Сондай-ақ, 6 білім ұйымы республика бойынша 100 «үздік» мектептің ішіне енген.

Қатысты жаңалықтар

Оңтүстікте жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

azatmedia

Қазақстанда шағын несие беру тәртібі өзгерді

azatmedia

Әлеуметтік желі әлегі немесе жалған діни ақпараттардан сақ болыңыз

azatmedia