Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Қырғыстан

«Мекеним Кыргызстан» партиясының ресми мәлімдемесіне сәйкес, 20 қыркүйекте партия үміткері Илхом Маннанов Араван ауданында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп жатқанда арандатушы топ шатақ шығарған деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, 12 адам зардап шеккен.

Ақпаратқа сәйкес, жанжалдан кейін «Мекеним Кыргызстанның» бірнеше өкілдері ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі Ош аймақтық ауруханада ауыр халде жатыр.

«Биримдик» партиясы бұл оқиға бойынша мәлімдеме жасап, арандатқандар заң алдында жауа беруі тиіс деді.

Әлеуметтік желі қолданушылары аталған екі партияның үміткерлері арасында жанжал шыққанын жазып жатыр. Бірақ партиялар бұл мәліметті растамады.

«20 қыркүйек күні кешкісін Араван ауданында «Мекеним Кыргызстан» партиясы үгіт жүргізіп жатқанда ұрыс шығып, 12 адам дене жарақатын алып, ауруханаға түскен. Олардың біреуі ауыр жағдайдайда, – деп хабарлады Азаттықтың қырғыз қызметіне Ош облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Жеңишбек Аширбаев.

Қазір бұл іске байланысты 10 адам ұсталып, жауап беріп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІП ИЕЛЕРІНІҢ САНЫ 6,6 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

azatmedia

Көпбалалы отбасыларға 44 532 теңгеден бастап беріліп жатыр

azatmedia

«Би ырғағында» аудандық байқауына қатысыңыз!

azatmedia

Пікір қалдыру