Соңғы жаңалықтар

Ардагерлердің үйіне арнайы барды

Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауының желбіреуі, бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі осынау жеңістің жемісі. Елді қорғау жолында от пен оқтың арасынан өткен жауынгерлердің рухының алдында тағзым етіп, басымызды иеміз. Ауданнан майданға 1942 жылы алғашқылардың бірі болып 18 жасында аттанған МҰРАТОВ ҚАЛМЕН – 1924 жылы 20 ақпан айында Ордабасы ауданы Бөржар с.с Таздар ауылында дүниеге келген. Аягөзде командирлік курсты 3 ай оқып, кіші сержанттық шенін алған. 1942 жылы Колинин облысына барып, Москвадан ары Беларусь фронты соғысына қатысқан. Ржов-Великие Луки және басқада көптеген қалаларды немістер басып кірген кезде, неміс басқыншыларын шегіндірген. Ол жерде артелерия болмаған. Жаяу әскер болған 1944 жылы ақпанда Витебск қаласында жау қорғанысын бұзу үшін болған шайқаста сол қолына оқ және граната жарықшалары тиіп, екі жерінен жараланған. Содан дәрігерлердің шешімімен 1топтағы мүгедек деп танылып, 1947 жылы Бөржар с.с қарасты Сталин колхозында бригадир болып қызмет жасаған. 1973 жылдан бастап теміржолда ұзақ жыл еңбек етіп «Коммунистік еңбек екпіндісі», «Оныншы бес жылдықтың екпіндісі», «Социалистік жарыс жеңімпазы», «Құрмет белгісі», 1 жәрежелі «Отан соғысы » ордендерімен, «1941-1945 ж.ж Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері», «Астанаға 10 жыл» және көптеген мерекелік медалі бар. Отбасында 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген.Олардан өрбіген 31 немере 34 шөбересі бар қария. Ұлы жеңіс күні мерекесінің қарсаңында Ордабасы аудандық мәслихат хатшысы Әбдіхалық Қасымбай Жақанұлы және аудандық мәслихат депутаты Оразалиев Бауыржан Сералыұлы арнайы барып, өз құрметтерін білдірді.

Қатысты жаңалықтар

НАЧИНАЕТСЯ ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ НА БЕЗВОЗВРАТНЫЕ ГРАНТЫ

azatmedia

Соғысты аналар тоқтатпақ. Әйелдер жасағы Таулы Қарабаққа аттанады

azatmedia

Діни бостандық және зайырлы мемлекет

azatmedia