Соңғы жаңалықтар

Түркістан әуежайы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Түркістан қаласының әуежайы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін,- деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің фейсбук парақшасына: «Инвестор Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең тез салынған әуежай ретінде тіркеу үшін өтінім бермек. Бұл Hazret Sultan Airport (HSA) сапасына ешқандай кері әсер еткен жоқ. Құрылыстың жүруін Астанадан (қазіргі Нұр-Сұлтан) келген делегация бақылап отырды» – деп жазды.

Әкім орынбасарының айтуынша, тым қысқа уақытта салынған жобаның сапасы жоғары деңгейде және аэропорт 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қолданысқа беріледі.

Еске сала кетейік, Түркістан қаласының жаңа әуежайын салатын орын 2019 жылдың күзінде белгілі болған еді. Әуежай қаладан 16 шақырым қашықтықта жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан: Қазығұрттықтардың тағы бір мәселесі шешімін тапты

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia

ОТАУ ҚҰРҒАН ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

azatmedia

Пікір қалдыру