Соңғы жаңалықтар

БЕС АСЫҚТАН АУДАН БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

Тек бес асықтан емес, ләңгі тебуден, асық атудан, арқан тарту және қол күрестен ауданның мықтылары анықталды. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бес асықты қыздар ойнайтынын білесіздер ма? Ойынға қатысушылардың бес асығы болуы шарт. Ойын кезегі сақаларды иіру арқылы анықталады. Сақасы алшысынан түскен ойыншы ойнау кезегіне ие болады. Бұл ойын қолмен ойналады. Ойыншы жерден (кілемнен) асықтарды алғанда, қолы басқа асықтарға тимеуі керек. Егер ереже бұзылса, кезек келесі ойыншыға беріледі. Ұлттық спорт ойындарынан аудан біріншілігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында аудан әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлының бастамасымен жүзеге асуда. Ойыншылар арасында тартыс қызықты өтті.

Ойын барысында карантин талаптарының сақталуы қатаң бақыланды. Ойын алаңына кірер кезде ойыншылардың дене қызуы өлшеніп, антисептикпен қолдарын өңдеуі қадағаланды. Бір жерге 8 адамнан артық топтасуға жол берілген жоқ

Қатысты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР «СЫБАҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ІРІ ҚАРА МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУДЕ

azatmedia

Басшысы мен хатшысы тікелей эфир кезінде жыныстық қатынасқа түсті (видео)

azatmedia

ОРДАБАСЫ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

azatmedia