Соңғы жаңалықтар

«Ерлік жастар көзімен» атты патриоттық әндер байқауы өтеді

Тәуелсіздіктің-30 жылдығына орай, жеңіс күні қарсаңында аудан жастары арасында «Ерлік жастар көзімен» атты патриоттық әндер байқауы. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, насихаттау. Жастардың бойындағы отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді жаңғырту. Ән әлемінде жаңа дарындарға мүмкіндік ашу, халыққа кеңінен таныстыру.Отанымыздың қадір- қасиетін паш етуді ән өнері арқылы жеткізу. Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру. Ұйымдастырушылар: Аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Қатысу шарттары: Байқауға 14-29 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Әрбір қатысушы сұраныс хаты мен жеке куәлік көшірмесі өздерімен болуы тиіс. Өтетін орны мен мерзімі: 2021 жылдың 6 мамырда сағат 10-00-де «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі акт залында өтеді. Байқау қойылатын талаптар:Байқауға қатысатын әр үміткер 1 ән орындайды. Үміткердің орындаушылық шеберлігі; Орындалар әннің тақырыпқа сай болуы; Әнді жанды дауыспен орындау; Орындалар әннің минусовкасы мини дискіде берілуі тиіс; Сахна мәдениеті мен киім үлгісі; Ән айту мәнерімен дауыс ырғағы; Әр қатысушыға 3-5 минут уақыт беріледі; Байқауға қатысушылар 30.04.2021 жылға дейін сұраныс хаттарыңыз бен куәлік көшірмесін аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне orda_jas@mail.ru электронды мекен – жайына жолдауларыңызды сұранамын. Сауалдарыңызбен 8-705-682-77-07 Үсен, 8-747-364-26-34 Қуаныш, 8-707-693-45-49 Алмасхан телефондары арқылы хабарласуға болады.Марапаттау: Бас жүлде, бірінші орын, екінші орын, үшінші орын және ынталандыру сыйлықтары.

Қатысты жаңалықтар

Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діни ағымдар

azatmedia

1,1 миллиардқа салынып жатқан нысан опырылып қалды

azatmedia

Қазақстандағы көлік саласына жаңа талаптар енгізілмек

azatmedia