Соңғы жаңалықтар

Безеуден құтылудың ең оңай тәсілі (Лайфхак)

Безеу

Azat.media. Безеу майлы теріге жиі шығады. Терісі майлы адамдарға арналған безеуді кетіретін маска да бар.

Бұл масканы жасау үшін сізге кәдімгі кір сабыны мен ас тұзы керек болады. Олардың кез келген үйден табылатыны анық. Бет күтімін жасау үшін қымбат косметика, арнайы скраб немесе маска қолдану міндетті деп ойлап жүрген шығарсыз. Онда қателескенсіз. Өйткені үй жағдайында кез келген адамға қолжетімді масканы өзіңіз де дайындай аласыз.

Оны қалай қолданады?

Кішкентай кір сабынды үккіштен өткізіп, үстінен аздаған жылы су құямыз. Оны жақсылап көпіршітеміз. Дайын болғанда оған 1 шай қасық тұз қосып, тағы да араластырамыз. Маска дайын. Бұдан кейін жуылған бет терісіне жағып шығамыз. Бұл маска бет терісін тазартады. Сонымен қатар бет терісін майланудан қорғайды. Бұған себеп масканың майлы бет терісін құрғатуында. Сондай-ақ ол беттегі безеуді, қара дақтарды жояды. Аталмыш масканы аптасына 3 рет қолдану керек. Масканы бір ай бойы қолдану маңызды. Сонда екінші аптада масканың нәтижесін көре аласыз.

Айта кететін жайт, масканы бетке жағып болғаннан кейін 5 минут ұстау керек. Уақыт болғанда масканы жылы сумен жуасыз. Содан кейін сүлгімен сүртіп, беттегі ылғалды сіңіріп алыңыз. Кейін бетке арналған крем жағып қойыңыз.

(фото ашық дереккөзден алынды)

Қатысты жаңалықтар

Кредит кешірілді. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл – біржолғы акция»

azatmedia

Қазақстанда 1 қала қатаң карантинге жабылды

azatmedia

ЕСТЬ ВОЗМОЖНОСТЬ ПРИВАТИЗАЦИИ АРЕНДНОГО ЖИЛЬЯ ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЖИЛИЩНОГО ФОНДА

azatmedia