Соңғы жаңалықтар

«9 мамырдан бастап ірі қалалар жабылады» – әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты тың дерек шықты

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 9 мамырдан бастап елімізде қатаң карантин шаралары қайта енгізілетіні және ірі қалалардың маңына блокпост қойылатыны туралы хабарлама тарап жатыр. Бұған дәлел ретінде теледидардағы жаңалықтардан үзінділер ұсынылуда. Шын мәнінде, бұл хабарлама жалған, ал жаңалық – былтырғы хабар деп жазады Stopfake.kz.

WhatsApp-пен тараған жаңалықтар шығарылымы 2020 жылы жетінші қарашада жарияланған болатын. Оны «Хабар 24» емес, Ресейдің «МИР-24» телеарнасының тілшілері түсірген.

Кадрдан диктордың айын атамай, тек «тоғызынан бастап қаладан кетуге немесе кіруге тыйым салынады» деп айтқанын естуге болады. Осылайша, хабарламада көрсетілген 9 мамыр күнін де ойдан шығарылғанын аңғару қиын емес.

Қатысты жаңалықтар

Шымкенттік ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылды

azatmedia

Танымал спортшыға порнографиялық роликке түсуге ұсыныс жасалған

azatmedia

Бозайдағы көшелерге асфальт төселеді

azatmedia