Соңғы жаңалықтар

МҰҢАЙТПАСҰЛЫ ОН ЖЕТІ ЖАСЫНДА ТАНЫЛДЫ

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен кәсіпқой балуан. Қажымұқан жастайынан байларға жалданып, ауыр жұмыс істеген. Сол кезде батпаққа батып қалған өгізді жалғыз өзі тартып шығарып алғаны туралы әңгімелер де бар.

Елдің есінде тағы бір оқиға қалды. Қажымұқанның қожайыны қыстың қақаған суығында құрғақ шөп алып келуді тапсырады. Жолда арбаны сүйреп келе жатқан бір ат әлсіреп құлап қалғанда Қажымұқан оны арбаның үстіне лақтырып, екінші атты арбаның артына байлайды да, арбаны жалғыз өзі сүйреп әкеледі.

Мұңайтпасұлы 17 жасқа толмай жатып, мықты палуан ретінде таныла бастады. Оның Ақмола облысы бойынша барлық атақты палуандарды жеңгені туралы әңгіме бүкіл қазақ даласына тез тарап кетеді. Ал 18 жасында оны циркке жұмысқа шақырды.

sputnik.kz

Қатысты жаңалықтар

СУ ҮНЕМДЕУ – ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ: ӨҢІРДЕ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ НАҚТЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

azatmedia

ЖАҢАРҒАН ЕЛДІМЕКЕН

azatmedia

«НҰР-СҰЛТАН – ЕЛ АЙНАСЫ, ЕЛ АСТАНАСЫ» ШАРАСЫ ӨТТІ

azatmedia