Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне биыл 29 жыл толып отыр. Осы жылдар арасында еліміз әлеуметтік-эконмикасы дамыған, ішкі бірлігі нығайған көпұлтты, көп конфессиялы мемлекет ретінде күллі әлемге танылды. Түрлі ұлт мекендеген еліміздін аралықта тулық пен келісім отаны десек, әлем жұртшылығы конфессияаралық диалог алаңына айналған егеменді мемлекет деп танитыны анық.
Бүгінде елімізде әртүрлі этностар мен конфессиялар өкілдері тату-тәтті өмір сүруде, бір-біріне бауырластай араласқан халқымыз мәдени тұрғыдан да етене жақын.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізудің арнайы нормативтік акті ретінде бекітіліп, жұмыс жүргізуде. Ол Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
Еліміздің Конституциясына сәйкес тілі мен дінге көзқарасына қарамастан барлық азаматтардың заң алдында теңдік қағидаттарына және әрбір азаматтың жеке наным-сеніміне құрметпен қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың зайырлы моделі қалыптасты.
Жалпы қабылданған әлемдік нормаларға сәйкес мемлекет азаматтарының құқықтары мен қоғамдық қауіпсіздіктің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында діни ұйымдардың қызметін реттеуге құқылы екендігі айтылған.
Мәселен, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы халықаралық құқық пен еліміздің Конституциясында көзделгендей әркімнің ар-ождан бостандығы құқығын іске асыруға бағытталған, ол дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың және ұлттық мүддені қорғаудың құқықтық негізі болып табылады.
Қолданыстағы заңнама аясында діни бірлестіктердің қызметі реттелген, миссионерлік қызметті жүзеге асыру, діни іс-шараларды, дінтану сараптамаларын жүргізу, ғибадат үйлерін салу, діни әдебиетті тарату тәртібі айқындалған.
Ұ.Маймақова.